#Тараз: Қала бас имамы жастарға насихат айтты

#Тараз: Қала бас имамы жастарға насихат айтты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 “Келешек-Тараз” ғылыми интеллектуалдық мектеп-лицей оқушыларына Тараз қаласының бас имамы Ержан Аманбаев «Ұрпақтың имандылық тәрбиесі - болашақ адаспаушылықтың кепілдігі» тақырыбында сөз сөйледі. Бабаларымыз ұстанған асыл дініміз - Исламда жас ұрпақтың санасына ізгіліктің дәнін сеуіп, жеткіншектерді атаның баласы емес, адамның баласы болуға баулу айрықша маңызға ие.

Ата-ананың ақысына байланысты бала көптеген міндеттерді атқаруы керек! Өзінің дәрменсіз кезінде  от пен суға түсірмей баққан ата анасына опасыздық жасау Құранның пәрменіне қайшы келеді.

Құранда: «Біз адам баласына әке-шешесіне жақсылық жасауды кеңес бердік» (Лұқман сүресі, 14), - делінеді. Сондықтан әрбір саналы ұрпақ шамасы келгенінше ата-анасына қол ұшын беріп, тура жолда болса, болашағымыз жарқын болмақ керек.

"Әулие ата" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: