#Сарысу: Жастармен жүздесу өтті

#Сарысу: Жастармен жүздесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ағымдағы жылдың 14 – ақпанында Сарысу ауданының орталығы Жаңатас қаласындағы Шоқан Уәлиханов мектеп – гимназиясының жоғары сынып оқушыларымен ЖАНТ мүшелерінің кездесуі болып өтті. Кездесуге қатысқан аудандық мешіттің Бас имамы Қонақбаев Ғалымжан Қабылбекұлы оқушы жастарға атабабамыздан келе жатқан жақсы дәстүрлеріміз жайында айтып берді.

Үлкенді сыйлау, ата-ананы қадірлеу, олардың айтқанын екі етпеу, кішіге жол көрсетіп, оларға қорған бола білу, өзің білетін жақсы амалдарға үйретіп, жаман әдеттерден қайтара білу, осының барлығы бүгінгі күні кемшін болып жатқаны өкінішті екенін жеткізді.

Осы күні қаладағы тағы бір іргелі оқу орны Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектепте болған ақпараттық насихат тобы осы мектептің ұстаздар қауымы, ата-аналар және жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесуде сөз алған Ғалымжан Қабылбекұлы ата-аналардың көңілін бүгінгі күні балалардың әкенің қолдауына, ананың аялы алақанына, мейіріміне мұқтаждықта қалып жатқанына аударды. Ұялы телефонға тәуелді болған үлкендердің де көбейіп бара жатқаны ащы да болса шындық. Бір уақыт отбасылық дастарханда бала-шаға болып бірге отырып пікірлесудің маңыздылығын атап өтті. Осылай болғанда бала да интернет әлемінен шығып, шынайы отбасылық әлемнің бар екенін сезінер еді. Өтпелі кезеңді басынан өткізіп жатқан жеткіншектің ТҰЛҒА болып қалыптасуы үшін бұл таптырмас көмек болар еді.

Отбасылық жылудан перзенттерімізді айырып алмайық деп сөзін аяқтады Бас имам. Жиынға қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып тұщымды жауаптарын алды.

«САРЫСУ АУДАНДЫҚ» МЕШІТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: