#Сарысу: Жылдық жоспар талқыланды

#Сарысу: Жылдық жоспар талқыланды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін «Сарысу аудандық» мешітінде ауыл мешіттерінің имамдары бас қосты. Жиын басында құран оқылып, Түркия мен Сирия елдерінде болған зілзала кезінде марқұм болған мұсылмандардың рухына дұға бағышталды.

Жиынға Аудан әкімінің орынбасары Есмаханов Еркебұлан қатысып, имамдардың жұмысына рахметін айтып, халық арасында ауызбірлік, ынтымақ жайында көбірек насихат етсеңіздер деген өз ұсынысын білдірді. Кейін ауданның Бас имамы Ғалымжан Қонақбаев Муфтияттың биылғы жылғы жоспарымен таныстырып, негізгі бес бағытты атап өтті. Осы бағыттар бойынша жұмыстарды жандандыру керек екені айтылды.

Халық арасында дін насихатын даналықпен, көркем ахлақпен, әділдікпен тарату керек. Әсіресе рушылдыққа, жүзге бөлінуге, жерлес болып бөлінуге ешқандай да жол бермеу керекпіз. Имам рухани ұстаз есебінде жамағатты тура жолға бастай білуі керек. Қоғамның жік-жікке бөлінуіне себеп болатын жоғарыдағыдай ұстанымдардан мейлінше аулақ болуға шақыруымыз керек көпшілікті деп, имамдарды осы бағытта жұмысты күшейтуге шақырды.

«Сарысу аудандық» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: