#Жамбыл: Жолда қалғандарға көмек көрсетілді

#Жамбыл: Жолда қалғандарға көмек көрсетілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

  Жамбыл ауданы Айша-бибі ауылында ауыл әкімшілігі мен «Айша-бибі» мешітінің имамы Таджибаев Қатарбайдың бастамасымен жолда қалған жүк көлік жүргізушілері мен жолаушыларға көмек көрсетілді.

Ауа райының тосын мінезінен тас жолдары жабылғандықтан, ауыл маңында аялдап қалған жүргізушілерге ауылдық мешіттің асханасынан арнайылап дастархан жайылған болатын. Сонымен бірге, мешіт жанынан ашылған жолаушылар бөлмесіне орналастырылды. Жолда қалған жолаушылар ауыл имамына алғыстарын жаудырды.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: