Тұрар Рысқұлов ауданы Жаңатұрмыс ауылы «Қожай баба» мешітіне Тараз қаласы «Кеңесхан қажы» мешітінің бас имамы, РАНТ мүшесі Ғазиз Ахмет ұстаз келіп ауыл жамағатымен кездесіп, уағыз-насихат жасады. Кездесуді ауданның бас имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажы бісмілләсін бастап, сөз тізгінін Ғазиз Ұстазға берді.
Жамағатқа насихат шам намазынан бастап құптан намазына дейін ихсан ілімі тақырыбында жалғасты. Мешітке әдеттегіден әлдеқайда көп жамағат жиналып, рухани ілімнен сусындау үшін көрші ауылдардан да жамағаттар келіп қатысты. Уағыздан кейін жамағат арасынан кейбір кісілер өз сауалдарын қойып, тұщымды жауаптарын алды. Ғазиз ұстазға уағыз соңында ауыл жамағаты мен мешіт имамы Аубакиров Жанболат рақмет айтып, ризалығын білдірді.
Қуаныш Тузелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі