#Меркі ауданы: Атқа міну сүннет

#Меркі ауданы: Атқа міну сүннет

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла елшісі Мұхаммед (с.ғ.с.): «Адам баласы атты соңғы күнге дейін тастамас, өйткені сол арқылы оның бұл дүниеде де олжасы бар, ақыретте де сыйлығы бар» деп айтқан.

Қазақтың спорттық ойындарының қай-қайсы болмасын белгілі бір ізгі мақсатты көздейді. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) хадистерінде айтылатын күш-қуатты шыңдайтын спорт түрлерін ата-бабаларымыз ұлттық негізге сай дамытып, сүннетті берік ұстанған.

Қазақ халқы жылқыны киелі жануарға балап, «жеті қазынаның» қатарына қосқан.

Еті мен қымызының пайдасынынан бөлек, жылқыны мінген адамның денесіне жаттығу жасалып, бұлшық еттерінің барлығы қозғалысқа түседі. Қан айналымы ретке келіп, жүйке жүйесіне оң әсерін береді екен.

Осы орайда, Меркі ауданының бас имамы Азамат Берікұлы орталық «Меркі ата» мешітінің жамағатымен дінімізде құпталған, дәстүрімізде бұйрылған атқа мініп серуенге шықты.

Серуен барысында Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) асыл сөздері насихатталып, дәстүріміз дәріптелді.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: