#Меркі ауданы: Бесін уағызы жалғасуда

#Меркі ауданы: Бесін уағызы жалғасуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы орталық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы бесін намазына жиналған жамағатқа қасиетті Құран кәрім аяттарының түсіндірмесін, оның ішінде «Ниса» сүресінің аяттарын ашықтап, түсіндіріп берді.

Бас имам өз сөзінде: Бұл аяттарда Аллаға күпірлік етіп, Алланың азабына ұшыраушылардың жағдайы баяндалған. Олардың тозақтағы азабы суреттелген. Олар ол кітаптан бас тартып, қарсы шығып, өз дегендерін істеп Алланың ашуына қалды. Бізде олардың тауқыметін кешпес үшін, Құранды мықтап ұстанып, өмірімізді осы кітаппен байланыстырып, осы қағидалармен ғұмыр кешуіміз керек, - деп аяқтады.

Уағыз соңында осы дінде тұрақты болуымызды Алладан тілеп, шынайы мұсылман үмметі болуымыз үшін дұға жасады. Жұртымыз аман, еліміз тыныш болсын!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: