Дертке шалдыққанда оқылатын Құран аяттары

Дертке шалдыққанда оқылатын Құран аяттары

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Егер адам физикалық немесе психологиялық сырқатқа шалдығатын болса, алдымен медициналық емге жүгінуі қажет. Сонымен қатар, мұсылман баласы шипа бере гөр деп Алла Тағалаға дұға жасағаны да абзал. Қасиетті Құранда былай айтылған: «Құраннан, мүміндерге, шипа және рахмет түсіреміз...» (17:82). Әлдебір дертке шалдыққан жан үнемі жазылатындығына үміттеніп жүруі тиіс, өйткені кәрілік пен ажалдан басқаның бәрінің шипасы бар. Сол себепті маман-дәрігерлерге қаранып, Алладан шипа сұрау қажет. Кейбір дін мамандары, Алланың қалауымен, шипа беретін келесі Құранның аяттарын оқуға кеңес береді:

1. «Сонсоң әр түрлі өсімдіктен же де Раббыңның қолайластырған жолына түс!”. Араның қарындарынан түрлі-түсте бал шығады. Онда адам баласы үшін шипа бар. Шынында мұнда да ойлайтын қаумы үшін ғибрат бар» (16:69).

2. «Әлемдердің Раббынан басқа, олар менің дұшпаным. Ол, мені жаратқан, маған тура жол көрсетеді. Ол, маған жегізеді де, ішкізеді. Ол, қашан ауырсам, маған шипа береді...» (26:77-80).

3. «Мүбада оны бөгде тілде бір Құран қылсақ, әлбетте олар: “Аяттары неге ашық баян етілмеген? Арапқа бөгде тілде айтыла ма?» - дер еді. “Ол Құран иман келтіргендерге бір тура жол және шипа” де. Ал иман келтірмегендердің құлақтарында кереңдік бар. Сондай-ақ Құран оларға бір соқырлық (қараңғылық). Олар ұзақ бір жерден шақырылғандай» (41:44).

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: