Ал, сен қайсысың?

Ал, сен қайсысың?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ертеректе көңіліне ештеңе ұнамайтын, үнемі ананы-мынаны айтып шағымданып, Алланың берген күндерінің барлығы маған қараңғы түнек дейтін қыз болыпты. Өмір ол үшін жамандық пен кесірге толы еді, үнемі күресіп, жанталасудан жаны қиналып, төзімі таусылып бітіпті. Біреуінен құтылса, біреуі жылтиып шыға беретін.

Қызының жағдайын көрген аспазшы әкесі оған өмірлік сабақ беруге бекінеді. Бір күні оны асханаға алып кіріп, үш бөлек ыдысқа су толтырып, оттың үстіне қояды. Ыдыстағы сулар қайнай бастағанда, біреуіне картоп, екіншісе жұмыртқа, соңғысына кофенің дәнін салады.Сосын қызына ауыз ашпай, үнсіз күте бастады. Қызы да ештеңеге түсінбей әліптің артын бақты, бірақ әкесінің не істемек болғанын тезірек білгісі келген қыз қатты сабырсызданды да: «Тағы қанша күтеміз?» - деп сұрады. Әкесі оның сұрағына жауап бермей отыра берді. Жиырма минуттан кейін отты сөндірді. Бірінші ыдыстағы картопты алып, табаққа салды. Екінші ыдыстағы жұмыртқаны алып, оны да табаққа салды. Сосын ыдыстағы кофені стақанға құйып алды. Сөйтіп қызына қарап тұрып:

- Не көріп тұрсың? – деп сұрайды.

- Картоп, жұмыртқа және кофе ғой. Оның несін сұрап тұрсыз? - деп жақтырмаған кейіппен жауап қатты.

- Жақындау келіп қарасаңшы, картопты түртіп көр, - деді. Қызы әкесінің айтқандарын істеді де картоптың жұмсарғанын айтты.

- Дәл осылай жұмыртқаға да қара, - деді әкесі.

Қабығы аршылған жұмыртқаның қатайғанын көрді. -Кофенің дәмін татып көр, – деген әкесінің айтқандарының барлығын бұлжытпай орындаған қыз, кофенің тіл үйірер дәмі, жүзіне күлкі ұялатты. Бірақ мұның барлығынан ештеңе түсіне қоймады. Сосын:

- Мұның барлығының қандай мағынасы бар, әке? -деп сұрады.

Әкесі сонда, жасаған тәжірибесінің түпкі мәнін былай тарқатып айтып берді:

- Картоп та, жұмыртқа да, кофенің дәні де бірдей судың ішінде қайнап, бірдей қиындықты көрді. Бірақ бірдей қиыншылық көргенімен түрлі-түрлі өзгеріске

ұшырады. Картоп алдында қатты, бекем болатын, қайнаған судың ішінде тұрып жұмсарып, бекемдігінен айрылды. Ал жұмыртқа, өте нәзік еді; сыртындағы жіңішке қабығы, ішіндегі сұйықтықты қорғап тұрған болатын. Бірақ қайнаған судың ішінде тұрып, жұмырқаның іші қатайды. Ал кофенің жағдайы мүлде бөлек. Қайнаған судың ішінде тұрып, өзімен қоса суды да өзгертіп, жаңа бір нәрсе пайда болды. Ал, енді айтшы, қызым, сен бұлардың қайсысысың? Егер сенің қақпаңды қандай да бір қиыншылық қағатын болса, қалай боласың? Картоп сияқты жұмсарасың ба? Жұмыртқа сияқты жүрегіңді қатайтып аласың ба? Әлде кофенің дәні сияқты, басыңа келген қиыншылықтың сезіміңді сергітіп, өміріңе жаңа бір өң беруіне мүмкіндік бересің бе? Өзіңізден сұрап көріңізші: «Ал, мен осы үшеуінің қайсысымын?»

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: