Ихсан - тақуалыққа жетелейтін жол.

Ихсан - тақуалыққа жетелейтін жол.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!

Ихсан ілімі - тақуалыққа жетелейтін жолдың бірі. Ал тақуалық Алладан қорқу, күнәдан аулақ болу сақтану, жамандықтан қашу, жақсылық жасау деген мағына береді. Құран  Кәрімде Алла тағала былай дейді: "Алладан қорыққан адамға Алла қиындықтан шығатын жол көрсетеді" деген. Біз неғұрлым Аллаға жақындаған сайын жамандықтан, күнәлі істерден алыстай береміз. Алладан қорыққан кісіге ризық пен білім нәсіп болады.

Құранда: "Кім Алладан қорықса, оған бір шығар жол пайда қылады. Алла оған ойламаған жерден ризық береді. Ал кім Аллаға тәуекел етсе, сонда ол оған жетіп асады" деген. Қазақ халқы да тақуалыққа өте маңыз беріп, барынша тақуалық жолын ұстанған. Тақуа адамдар қашанда маңайындағы адамдарға  үлгі-өнеге болады. 

 Тақуалыққа ұмтылу ол жан дүниені таза ұстап, Алланың хақ жолымен жүруді білдіреді. Әбу Хурайра (р.а.) айтады: Пайғамбарымыздан (с.а.с.) көбірек жәннатқа кіргізетін амал жайында сұралғанда, "Тақуалық және көркем мінез"-деп жауап берген. Көркем сөйлеу адамдармен жақсы қарым-қатынаста болу, адамдарға сабырлы болып оларға жәрдем беру сияқты ұнамды болған мінез-құлықтың исламда үлкен орны бар. Құран Кәрімде Алла тағала: "Міне осы кітапта күдік жоқ, Тақуалар үшін тура жол көрсетуші"- деген.                                                 

Пайғамбарымыз (с.а.с.) көркем мінезі жағынан биік дәрежеде болған. Өйткені Алла тағаланың өзі осылай куәлік берген. Тіпті Пайғамбарымызды (с.а.с.) қатты жеп көрген кісінің өзі оның алдына келген кезде, көркем мінезінің арқасында көп уақыт өтпестен ең сүйікті адамына айналған . Адам баласы әр ісіне мұқият  болып ертең қиямет күні Алланың алдында есеп беретінін ұмытпау керек. Тақуалыққа жету үшін ең алдымен иман, сенім мықты болу керек. Алланың тыйған тыйымдарынан сақтанып, бұйырған амалдарын толық орындау қажет. Тақуа пендеге Алла екі дүниеде де бақытқа жеткізеді. Алла баршамызды тақуалардан болуға жазсын!

Қуаныш Исмаилов 

Жамбыл облысы  Жамбыл ауданы

Құмтиын ауылы "Ботбай" мешітінің имамы 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: