"Қазақ даласына исламның келуі" атты халықаралық конференция өтеді

"Қазақ даласына исламның келуі" атты халықаралық конференция өтеді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойының қарсаңында "Атлах" шайхасына 1270 жыл толуына орай "Қазақ даласына исламның келуі" атты халықаралық конференция өтеді. 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйытқы болуымен Тараз шаһарында жасалатын іс-шара елімізде тұңғыш рет болғалы отыр. 

Осыдан тұп-тура 1270 жыл бұрын, яғни 751 жылдың шілде айында, Тараз қаласына іргелес жатқан шағын ғана Атлах бекінісі маңында болған оқиға Қазақстан мен Орта Азия және күллі мұсылман әлемі тағдырына шешуші ықпал жасаған тарихтағы ұлы жеңіс. Еліміздің ертеректен мұсылмандықты ұстанып, тіпті ислам мемлекеті болғандығын жаңғыра айтып, күллі әлемге паш ету мақсатында ұйымдастырылып отырған халықаралық конференцияға көршілес Қырғызстан және Өзбекстан елінің мүфтилері, әлемдік және отандық оқу орындарының профессор, докторлары, қоғам қайраткерлері, академик, ғалымдар, барлық облыстың бас имамдары, т.б. ел ағалары қатыспақ.

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілдігі ұстаған бағдарлама тізгіні 3 маусымда басталмақ. 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: