Құран оқудың артықшылығы

Құран оқудың артықшылығы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Адамзатты қараңғылықтан жарыққа  шығыру үшін жіберілген және екі дүние бақытына жеткізетін құранды түсірген жаратқан иеміз Алла тағалаға сансыз мадақ пен шүкірлер болсын және осы шүбәсіз құранды бізге түсіндіріп, айшықтап берген Пайғамбарымызға Алланың иглігі мен сәлемі болсын.

Міне осы қасиетті кітабымызды оқу үлкен сауап әрі ғибадат болып табылыды. Бұл жайлы Пайғамбарымыз Алланың игілігі мен сәлемі болсын Осман ибн Аффаннан жеткен хадисте былай дейді «Ең жақсыларың Құран оқу ілімін оқып үйреніп, оны басқаларға да үйреткендерің», дейді. (Бұхари фадаилүл құран 21) .

Жаратқан иеміз өзінің кітабін үйреніп және оны басқаларға үйреткенді ең жақсылырыңсындар деп жатыр. Бұл Раббымыздың құлына деген үлкен кеншілігі емес пе!  Сіз басқа бір кітапті оқысаныз бұлайша мақтау айтпас еді. Әрбір айяты сауапқа толы бұл кітапті оқыған адамға пайғамбарымыз (с.а.с.) Ибн масғудтан жеткен хадисте (р.а) «Құранның әріпін оқығанға он сауапқа тең келер бір жақсылық жазылады, Әлиф, Ләм, Мимді бір әріп деп айтпаймын Әлиф - бір әріп, Ләм- бір әріп, сондай ақ Мим де өз алдына бір әріп» - деп айтты, -деген. (Термизи, Фадаилул құран 16) .

Алла сізге басқа бір кітапті оқысыныз мұндай сауап жазбасы анық. Мейірімі шексіз алланың саупқа толы кітабің бұл өмірде ашпастан және оның бір әріпіңде оқып үйренбестен бұл өмірден өту неткен өкініш. Құран жүректерге шипа, жандарды нұрландырушы, қияметте шапағатшы, ақпен-қараны айырушы ең ұлы Раббымыздың адамзат баласыны түсірілген иляхи кітап. Адам құран оқу арқылы Раббысыны жақындайды және тілдеседі. Кімде-кім құран оқудын артықшылығын білгенде еді, оны бар тіршілігінен де артық көрер еді. Осыған байланысты Пайғамбарымыз (с.а.с) Әбу Умамә (р.а) жеткен хадисінде  «Алла елшісінің с.а.с құран оқыңдар өйткені құран қиямет күні оқығандарға шапағатшы болады –деп айтқаның естідім», деген. (Муслим саләтул мүсафирин 252).  Құранның оқыған адамға шапағат етуі  өзге Пайғамбарлар үмметіне бұйырмаған бұл Жаратқанның тек Пайғамбарымыздың (с.а.с)  үмметіне берілген нығметі.

Құран адамзатты шексіз бақытқа жетелейтін, тура жол көрсететін, қияметке дейін өзгермейтін мәңгі мұғжиза. Құран-соңғы пайғамбарлықтың дәлелі, ханиф (тура) діннің үні әрі Ислам шариғатының ата заңы. Құран оқыған адамның бүкіл болмысымен өзгергенін байқайсың. Ішкі дүниесіне үңіліп қарасаң оның рухани тазарғанын, жүріс-тұрысының өзгергенін көресің. Құранға деген махаббат оны оқуға байланысты. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сахабаларының бірі Узайр бин Ғусайд Құранды ұнамды, жақсы бір мақаммен оқитын еді. Алланың елшісі (с.ғ.с.) ол кісіні: «Мына Ғусайд Құранды қандай жақсы оқиды», – деп мақтады. Ғусайд өзінің естелігінде: «Бір күні түнде «Бақара» сүресін оқып отырғанымда, атым жанымда байлаулы тұрған еді. Құранның даусын естіп атым жер тарпи бастады. Оқығанынымды тоқтата қойдым. Атым да тынышталды. Қайта оқи бастап едім, атым орнынан тарпи бастады. Үшінші мәрте оқи бастағанымда, атым тағы да мазасыздана бастады. Ұлым Яхия аттың жанында ұйықтап жатқан, басып кетпесін деп баламды алып кейін жатқызып қойдым. Басымды көтеріп аспанға қарағанымда ақ бұлттың көлеңкесіне ұқсайтын бір тұманның ішінде шырақ сияқты көптеген нәрселердің жарқырап тұрғанын көрдім. Ақ бұлт жарқыраған күйінде көкке көтеріліп көрінбей кетті.

Таңертең Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) айтқанымда: «Ей, Ғұсайд, оқы. Ей, Ғұсайд, оқы», – деген сөзінен Құранды оқу керек екенін білдім. «Иә, Расулалла! Яхия ұлым аттың аяғының астына жақын жатқандықтан басып кетеме деп қорқып Құран оқығанымды тоқтатып едім», – дегенімде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ей, Ғұсайд! Сенің көргенің періштелер болатын. Оқыған Құраныңды естіп келді. Сол қалпы оқи бергеніңде, таңға дейін тыңдайтын еді. Көпшілік көзінен жасырынбайтын еді», – деді.      Пайғамбарымыз  (с.ғ.с) өзі де құран естігенді ұнататын оған мына хадис далел. Ибн Масғуд (р.а): «Бірде Пайғамбарымыз (с.ғ.с) маған: «Қанеки, Құран оқышы», - деді. Мен: «Уа Аллаһтың елшісі, сізге түскен құранды өзінізге қалай оқымақпын?» -дедім. Содан ол: «Мен құранды басқалардың аузынын тыңдағанды ұнатамын», -деді. Содан мен «Ниса» сүресін оқи бастадым. Сөйтіп «Ей, Расулум! Әрбір үмбеттен бір-бір куә (яғни, әр қауымның өз пайғамбарын) шы ғырғынымызда және сені мыныларға (яғни, бүкіл кәпірлерге) қарсы куә ретінде әкелгенімізде, олардың жағдайы не болар екен?» деген аятқа келгенімде, Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Әзірше осы да жеткілікті», -деді. Оған бұрылып қарағанымда, көзіне жас парлап, жылап отыр екен», -деп айтты.ухари, фадайлул-Құран 33; Муслим, салатүл-мусафирин 247).                  

يَا أَيُّهَا النَّاسُ قَدْ جَاءتْكُم مَّوْعِظَةٌ مِّن رَّبِّكُمْ وَشِفَاء لِّمَا فِي الصُّدُورِ وَهُدًى وَرَحْمَةٌ لِّلْمُؤْمِنِينَ

«Ей, адамдар! Тәңірлеріңнен сендерге Насихат, жүректегі дертіңе  дауа, мұсылмандарға тура жол және жарылқау келді»,[10] – деген. Ибн Масғуд (р.а.): «Құран Алла тағаланың әдеп мектебі. Құранға мықтап жабысып, шамаларың келгенше, Алланың көрсеткен әдеп жолын үйреніңдер. Ол – ашық бір нұр, дертке дауа, Құран – амал еткен адамға берік қорған, жолын ұстағанды адастырмайтын құтқарушы», – деген. Адамдар арасындағы қарым-қатынастың дұрыс болуының өзі жер бетіндегі тыныштықтың басты талабы. Аты затына сай Ислам дінінің мағынасы бейбітшілік, тыныштық. Бейбітшілік, тыныштық орнаған жерде ырыс-береке, ауызбіршілік, өзара келісім болады. Сол бейбітшілікке апарар жол – Алланың кітабы.

 Асқар Зәкіржанұлы

Қордай ауданының бас имамы 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: