Ихсан - рухани шың

Ихсан - рухани шың

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Асыл дініміз әрдайым мұсылмандарға Құран және Пайғамбарымыздың сөзімен жақсылық жасауды өсиет етіп келеді. Ихсан тек бір сөз ғана емес, ол - іс, сөз, күрес, құрбандық, жұмсау, және көркем мінез. Ихсан Аллаға жақындататын дәрежесі үлкен амалдардан болып саналады.

Ихсан ілімінің түсінігіне келер болсақ, оның тілдік мағынасы жақсылық істеу дегенді білдіреді. Мысалы, «Рожулун мухсин» яғни көп жақсылық жасаушы дегенді білдіреді. Омар ибн Хаттабтан жеткен әйгілі хадисте Пайғамбарымыз Ихсанды былай деп түсіндіреді: «Алланы көріп тұрғаныңдай құлшылық етуің. Егер сен Алланы көрмесең ол сені көріп тұр». Ихсан дәрежесіне тек қана Аллаға еш күмәнсіз иман еткен шынайы мұсылман ғана жете алады.

Ал терминдегі мағынасына келетін болсақ, мұсылман адамның Жаратушысына құлшылық қылуы деген мағына береді. Оның құлшығы әрдайым Алла оны бақылап, көріп тұр деп шынайы түрде сезінумен жасалады. Кейбір ғалымдар былай деп түсіндірме берген екен: «Ихсан дегеніміз - Алланың парыз етпеген амалдарын, яғни нәпіл амалдарды істеу».

Ихсанның түрлері

Ихсанның үш түрі бар. Екі түрі Алла Тағалаға құлшылық етуіне байланысты болса, үшіншісі жаратылыстың ақысына байланысты болады.

Алла тағалаға құлшылық етуіне байланысты мыналар:

1. Алланың әмір етекен нәрселеріне бой ұсынып орындау және қайтарған нәрселерінен тиылуы.

2. Аллаға деген құлшылығын сүйіспеншілікпен, сағынышпен орындау. Бірақ бұл түрі бірінші түрінен дәрежесі жоғары тұрады. Өйткені бұл құлшылық түрі тек Алланың бұйырғанын істеп қайтарғанынан қайту ғана емес, құлшылықтың ләззатын сезініп, сағынышпен орындау. Пайғамбарымыздан (с.а.у.) жеткен хадисте былай дейді: «Жеті адамды Алла көлеңке жоқ кезде көлеңкесіне алады» соның бірі «Жүрегі мешітке байланған адам». Пайғамбарымыздың жүрегі мешітке байланған адам деп нұсқау етуі де ихсанның бір түрі екендігіне дәлел болмақ.

3. Жалпы, барлық жартылысқа жақсылық жасау. Ата-анаға жақсылық қылу, туысқандардың арасын қосу, кедей кем-бағалдарға көмек көрсету, қонақты сыйлау осының барлығы жақсылық жасау яғни ихсаннан болып есептеледі. Пайғамбарымыз хадисінде былай деп айтады: «Бір кісі жолда кетіп бара жатып қатты шөлдейді. Ол құдық көріп соған түсіп су ішеді. Құдықтан шыққан кезінде қатты шөлдегеннен топрақты жеп тұрған итті көреді. Маған жеткен нәрсе бұл итке де жетіпті деп құдыққа  түсіп мәсісіне су толтырып итке су береді. Алла оған сауптар жазып күнәләрін кешіріп жәнәтқа кіргізді.»  Хадисті естіген сахабалар: «Уа Алланың елшісі! Жан-жануарлардан сауап аламыз ба?» деп сұрайды.  Сонда Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Барлық тірі жан үшін сауап бар» деп жауап берді.

 Ералы КИІКБАЕВ

Тараз қаласы «Әл Әділ» мешітінің наиб имамы 

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: