«МУРАҚАБА» - ИХСАН ІЛІМІ

«МУРАҚАБА» - ИХСАН ІЛІМІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

           Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Біз адам баласы айналамыздағы адамдардың немесе бақылау камераларының  бақылап тұрғанын ойласақ бірден жүріс-тұрысымызды түзеп, ерсі әрекеттерге бармастан барынша өзімізді жақсы жағынан көрсетуге тырысамыз. Ал оңашалана қалсақ  жаман әрекеттерімізден бет бұра алмай жатамыз. Ал, біз  көпшілік қауыммен немесе оңаша қалсақта үнемі біздерді күндіз-түні бақылап тұрушы Алланың бар екенін естен шығарып жатамыз.

Асыл дінімізде «Мурақаба» деген тақырып бар, осы  тақырып жайында сөз қозғасақ. «Мурақаба» тілдік мағынасы: «раа-қа-ба» етістігінен туындайды. Ол-бақылау, күзету, байқау деген мағыналарды білдіреді.

Терминдегі мағынасы: Адамның  Алла Тағала оның сыртқы және ішкі дүниесін бақылап тұрғандығын әрдайым есте ұстап, әрі солай екендігіне нақты сенімді болуы «мурақаба»  деп аталады. Демек, әр кез Алла Тағала құлдарын қайда болмайық, қандай іспен айналыспайық бәрін тайға таңба басқандай біліп әрі көріп тұратындығын аңғарамыз.

Алла Тағаланың көріп тұрғандығын әркез есте ұстау – Пайғамбарымыздың (с.а.у) өсиеттерінен.

 Сүйікті Пайғамбарымыз (с.а.у) хадисінде: «Қайда болсаңдар да Алладан қорқ!» деген осы хадистен түсінеріміз, біз қайда болсақ та Раббымыз еш қиындықсыз бізді үнемі өз бақылауында ұстайтынын, әрбіріміз жасап жүрген ісіміз бен сөйлер сөзімізге мән беріп жүруіміз қажет екендігін түсіндіреді.  Алла Тағала қасиетті Құранында былай дейді: «Сенің Раббың бақылауда» міне, осы аяттанда Раббымыздың үнемі назарында екендігімізді аңғаруға болады.

Құрметті ағайын! Алла көріп тұр деген сенім әр-біріміздің бойымыздан табылатын болса, қоғамдағы кездесіп жүрген жамандықта жақсылықтарға айналар еді. Алла баршамызға өз жәрдемін бергей.

 Рысбай ЕСПЕНБЕТОВ

Мойынқұм ауданының бас имамы.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: