Емі жоқ аурудың шипасы да Алладан

Емі жоқ аурудың шипасы да Алладан

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бір университетте ұстаздық ететін профессордың жүрегі қатты ауырады. Әртүрлі тексеруден өткен соң оның дауасы жоқ дертке ұшырағаны белгілі болады. Ұзақ ізденістен кейін оған жер бетінде жүрегін жаза алатын ешбір емхана жоқ екені мәлім болады.

Оның үйі қасапхананың жанында екен. Бір күні терезеден қарап тұрса, бір әйел қасапханадан сыртқа тасталған қалған-құтқан еттерді жинап жүреді. Ол әйелден: “Неге былай етесің?” – деп сұрайды. Сонда әйел: “3-4 ұл-қызым бар, қызылсырады, жарты жыл болды, жарытып ет жеген жоқ” – дейді.

Профессордың әйелге жаны ашып: “Сендерге күніне қанша ет керек?” – дейді. Әйел қанша ет керек екенін айтады. Профессор қасапханашыға ақша төлеп: “Мына әйелге осынша ет беріп тұр!” – деп тапсырады. Бұған әйел риза болып, қуанып, бала-шағасымен бәрі дұға жасайды.

Арада бір-екі ай өтеді. Профессордың жүрегін тексеріп отырған доктор қайран қалады. Сөйтсе, жүрегі жүз пайыз жазылып кетіпті. Медицина тарихында мұндай нәрсе кездеспеген екен. Алла Тағала жетім мен жесірдің дұғасын қабыл етіп, әлгі ауру профессордың ауруы жазылып кетсе керек.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: