Алтын жүзік

Алтын жүзік

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бір жігіт көшеде келе жатса, қартаңдау кісі топырақты сүзіп, әлдене іздеп, еңбектеп жүр екен. Күн батып, іңір қараңғылығы түсіп қалған кез болса керек.

“Не іздеп жүрсіз, ата?” – деп сұрапты жігіт. “Алтын жүзігімді жоғалтып алдым” – депті қария. “Мен сізге көмектесейін” – деп жігіт те іздеуге кірісіп кетіпті. Әбден әуреге түсіп, шаң-топыраққа батқан соң жігіт: “Ата, жүзігіңізді дәл осы арада жоғалтып па едіңіз?” – деп сұрапты. “Жоқ, үйде жоғалтып алғам” – депті қарт.

“Онда неге көшеден іздеп жүрсіз?”. “Өйткені, үйде жарық жоқ, ал далада жарықтау” – деген екен әлгі кісі. Сол секілді кейбір адамдар өз бақытын, өмірінің мәнін Исламның сыртынан іздейміз деп адасады. Исламнан сырт қалған дүние жоқ екенін, бүкіл болмыс атаулының Алланың қолында екенін мойындауға ой-санасы жете бермейді.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: