Халал кездесудің 8 ережесі

Халал кездесудің 8 ережесі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әрбір мұсылман некеге тұрмаған ер мен әйелдің "романтикалық" қарым-қатынасына тыйым салынғанын біледі. Сонда адам өз өмірінің серігін қалай таба алады? Осы туралы бүгін сізбен сөйлесеміз.

Мұсылман жастары арасында "халал кездесу" деген ұғымды жиі естуге болады. Рұқсат етілген жүздесу деп - бұл ықтимал неке өмірі үшін бір-бірін жақсы білу ниетімен кездесуді айтады. Сонымен, рұқсат етілген кездесу орын алу үшін шектен шығып кетпеуге арналған қандай ережелер бар?

1. Болашақ серігіңізді кездестірмес бұрын, ниетіңіздің таза екеніне көз жеткізіңіз.

2. Кездесулер куәгерлердің қатысуымен өтуі керек, ол махрам болса дұрыс. Бұл тыйым салынған нәрсені жасау мүмкіндігін азайтады. Сіз жақындарыңыздан жеке сөйлесіп алуға мүмкіндік сұрай аласыз. Бұл жалғыз қаласыз дегенді білдірмейді. Сіз сол қоғамдық жерде, бірақ жеке үстелде бола аласыз.

3. Ата-анаңызды алдағы кездесу туралы хабардар етіңіз. Қыздың қамқоршысынан рұқсат алу керек екенін ұмытпаңыз.

4. Кездесу үшін оқшауланған жерлерді таңдамаңыз. Есіңізде болсын, жігіт пен қыз жалғыз қалғанда, олардың арасында әрқашан үшіншісі – шайтан  болады, оларды шынайы жолдан шығарып, тыйым салуға көндіруге тырысады. 

5. Кездесу барысында болашақ серігіңіздің өмір салтын, оның өмірлік мақсаттары мен әлемге көзқарасын білуге тырысыңыз. Қандай жар іздеп жүргеніңізді ашық айтыңыз. Мақсатыңызбен бөлісіңіз, өтірік айтудан сақтаныңыз, интимді тақырыптарды қозғамаңыз. Мұны отбасылық өмірге қалдырыңыз.

6. Өткен өмір - әңгіме үшін ең жақсы тақырып емес. Маңыздысы - дәл қазір сіз қандай адамсыз.

7. Некені кешіктірмеуге тырысыңыз. Егер адамның сізге сәйкес келетінін түсінсеңіз, отбасын құрыңыз, егер жоқ болса – бір-біріңізге уақыт жұмсамаңыз және қарым-қатынасты тоқтатыңыз.

8. Қызбен\жігітпен кездескеннен кейін истихара оқып шығыңыз (дұрыс шешім қабылдауға көмектесетін дұға). Осы дұғаны оқығаннан кейін, құдіретті Алла бұл адам Сіз үшін шынымен жаратылған ба, жоқ па, соны түсінуге көмектеседі және міндетіңізді жеңілдетеді. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде: "Неке-бұл менің жолым, ал одан бас тартқан адам менен бас тартты", - делінген.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: