Қарама-қайшылық пен бөлінудің түрлері

Қарама-қайшылық пен бөлінудің түрлері

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Біліп алыңыз, қарама-қайшылықтың екі түрі болады:

1. Бір нәрсенің түріндегі (ұқсас) қарама-қайшылық.

2. Бір нәрсеге қарсы қарамақайшылық. Бір нәрсенің түріндегі (ұқсас) қарамақайшылық дегеніміз, қарама-қайшы келген әңгіме немесе іс, екеуі де хақ болады және шариғатта бар болады. Бұған мысалдар: Екі сахаба Құран оқығанда екеуі екі түрлі оқып, қарама-қайшылыққа келгенде Пайғамбарымызға (с.ғ.с) барады, сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с) «екеуіңдікі де дұрыс» – деп жауап берген. (Бұхари риуаят еткен).

Азан және иқоматтың сипаты, саһу сәждесін қылатын кез, ташаххуд, айт және жаназа намаздарының тәкпірлері шариғатта бар, бірақ түрлері әртүрлі. Осыған ұқсас қарама-қайшылықтарда жанжалдасу шариғатта харам болып табылады. Көбіне осыған ұқсас талас-тартыстарда үммет арасында түсінбестік туып жанжалға айналғанын көріп жүрміз. Мысал үшін, иқоматта калималарды жұп немесе тақ айту, «әминді» дауыстап не дауыстамай айту да тап осындай болып табылады. Ал бұл, сияқты мәселелерде талас-тартыс тудыру харам боп табылады. Осы түрдегі қарама-қайшылықтарға дәлелдерінің түрлері, кейбір атауларын айту және осыған ұқсас нәрселер кіреді. Надандықпен немесе зұлымдықпен айтылар бір сөз немесе іс мақталады да екіншісі жамандалады. Соңында екі тарап арасында қастық күшейіп, ұрыс-жанжалға әкеп соғады. Бір нәрсеге қарсы қарама-қайшылықта екі сөздің біреуі немесе екі істің біреуі хақ, бірі дұрыс емес болады. Бұл ең қиын іс болып саналады. Бұл түрге Алла Тағаланың бірлігі (таухид) жайындағы қарама-қайшылықтар жатады. Сондай-ақ, қабір азабы хақ па, әлде жалған ба?

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) миғражы (көкке көтерілуі) денесімен көтерілді ме әлде рухымен көтерілді ме? – деген сияқты қарамақайшылықтар жатады. Бірінші түрдегі қарама-қайшылыққа жататын ұқсас қарама-қайшылықтарда екі жақ та хақ бола тұра, екінші жақтың қарсыласы зұлымдық етсе, бірінші зұлымдық еткен тарапты сөгеді. Егер арада бір біріне деген зұлымдық болмаса Құран Кәрім екі жақты да кейде құптайды немесе кейде құптамайды. Мысалы: Пайғамбарымыздың кезінде бір ұрыста мұсылмандар дұшпандарға тиесілі құрма ағаштарын кесіп тастау жайлы таласып тартысады. Сосын біреулері құрма ағаштарын кесіп тастаса біреулері кеспеді. Осылайша кім дұрыс істеді, кім дұрыс істемеді? – деген сұрақтар пайда болды.

Сондықтан Алла Тағала: «Сендер құрма ағашын кесіп немесе кеспей өз хәлінде қалдырған болсаңдар жалғыз Алланың қалауымен ғана қылдыңдар» – деді. Сондай-ақ, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Бәни Құрайза ұрысы күні екінті намазын уақытында оқығандарды да және Бәни Құрайзаға барып кешіктіріп оқығандарды да дұрыс іс істеді деп мақұлдаған. ( Бұхари) Түсінігі: Хандақ ұрысында Бәни Құрайза атты яһуди тайпасы Пайғамбарымызбен келісім шарт түзгеніне қарамай, мүшрік топтарға қосылып мұсылмандарға қарсы соғысады. Ұрыс бітіп, кәпірлер мен мүшріктер жеңіліс тауып арттарына қайтып кеткен кезде, Жәбрәйіл (ғ.с) Пайғамбарымызға (с.ғ.с) Бәни Құрайзаның соңына түсіп, оларды жазалауы туралы Алла Тағаланың әмірін жеткізді. Пайғамбар (с.ғ.с) дереу жолға шықты да сахабаларына: «Ешқайсысың екінті намазын Бәни Құрайзадан басқа жерде оқымаңдар» – деді. Бірақ ол кезде екінті намазы таяп қалған болатын. Олар жолда кетіп бара жатқанда намаз уақыты кіреді де, кей сахабалар: «Пайғамбарымыз намазды Бани Құрайзадан басқа жерде оқымаңдар» деген деп намаздарын Бани Құрайзаға барғанда оқыды. Ал кейбір сахабалар: «Пайғамбар бұл сөзімен бізді тез жүруге үндеді, ендеше намазды уақытысында оқып алып, тез жүріп кете берсек зияны жоқ» – деп намаздарын жолда оқып алды. Сонда арада қарама-қайшылықтар шығып, кім дұрыс амал істеді? – деген сұрақтар туындады.

Бұл сұрақ Пайғамбарымызға жеткенінде: екі жақтың да ісін дұрыс деп бағалады. Бірақ екінші түрдегі қарама-қайшылықта бір жақ мақталады, екінші жақ датталады. Өйткені Құран Кәрімде: «Бірақ таласып тартысты. Олардың кейі иман келтірді, кейі қарсы келді» десе, басқа бір аятта: «Осы екі таласушы жақ Раббылары жайлы таласып тартысты. Ендеше қарсы болғандарға оттан киім тоқылды» – деген.

"Талас тартыстар" кітабынан

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: