Пәтуә және пәтуә берушілердің сатылары

Пәтуә және пәтуә берушілердің сатылары

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Пәтуә – діни сұрақтарға жауап беру деген мағынаны білдіреді. Оны «шариғи сауалдарға» деген мағынаға қойған жоқ, өйткені «пәтуә» деген сөз – тек шариғат төңірегіндегі ғана емес, жалпы, діни сенім, хадистің мағыналары және қарапайым дүниелік сұрақтарға да жауап береді. Пәтуә және ифта деген сөздердің мағынасын үшке бөліп қарастырыса болады: шариғаттау пәтуәсы, фиқһи пәтуә және джузи пәтуә.

Шариғаттау пәтуәсы: шариғаттаушыдан шығатын пәтуә ол – Құран болып уахименен түседі немесе Пайғамбарымыздың (с.а.у) сүннетінен сұраққа жауап немесе түскен уахидың баяндауы болады. Сөйтіп, ол жалпы шариғатқа айналады. Оған мысалдар: Құран Кәрімдегі хүкми аяттар мен сүннеттегі Пайғамбарымыздың (с.а.у) жауаптары. Бұл Пәтуәның түрі – Пайғамбарымыздың (с.а.у) дүние салуымен тоқтаған.

Фиқһи пәтуә: фиқһ ғалымы арнайы қойылған сұрақтарға емес, жалпы сұрақтарға жауап беріп және де сол үкімдерді шариғи дәлелдермен бекітіп, кітаптарда немесе рисалаттарда түсіндіріп кетеді.

Джузи пәтуә: қазіргі болып жатқан арнайы сұрақтарға жауап беру. Яғни заманауй сұрақтарға жауап беру.

Пәтуә беру мен қазилықтың айырмашылығы

Пәтуә дегеніміз – рұқсат, мұстахап, уәжіп, макрух, харам деген шариғи үкімдерді баяндау дейміз. Пәтуәда жауап берген адамға міндеттеу жоқ. Ал, қазилық болса, қазидан шыққан үкімді шешім берілген адамға міндеттейді.

Ханафи фақиһтерінің дәрежелері

Ғәллама Ибн Абидин (Алла рахымына алсын) өзінің “Шарх ғуқуду расмул муфти” кітабында Ханафи фақиһтерінің дәрежелерін Ғәллама Ибн Камал Башаның (Алла рахымына алсын) реттеп жазғанын жеті сатыға бөліп көрсетеді:

Бірінші саты: مجتهدون في الشرع – шариғаттағы муджтахит. Олар төрт мазһабтың имамдары сияқты. Құран, сүннет, ижмағ және қиястан усулдін ережелерін жасап, фуруғи мәселелерді шығарған.

Екінші саты: مجتهدون في المذهب – мазхабтағы муджтахит. Абу Юсуф, Мухаммад (Алла оларды рахымына алсын) және басқада Абу Ханифаның (Алла рахымына алсын) шәкірттері сияқты. Ескеріліп кеткен төрт дәлелден ұстаздары бекітіп берген қағидалармен үкім шығарады. Мейлі олар кейбір фуруғи мәселелерде ұстаздарымен келіспесе де ұстаздарының усул қағидаларымен жүреді.

Үшінші саты: مجتهدون في المسائل التي لا رواية فيها عن صاحب المذهب – мазхаб иелерінен риуаят етілмеген мәселелердегі муджтахит. Абу Джахфар ат-Тахауи, Хассаф, Абул Хасан ал-Кархи, Шамсулаимма ал-Халуани, Шамсулаимма Ас-Сарахси, Фахрул Ислам ал-Баздауи, Фахруд Дин Қазихан және басқа да ғалымдар секілді. Олар усулмен де, фуруғпен де имамдарына қарсы шыға алмайды. Алайда, ұстаздары бекітіп кеткен усулдарына сай және қағидаларының талаптарына сай, жеке өздерінен риуаят етілмеген мәселелердің үкімдерін шығара алады.

Төртінші саты: اصحاب التخريج من المقلدين – мазхабтың ішінде тахриж жасаушылар. Имам Рази (Алла рахымына алсын) және сол секілді ғалымдар. Олар мүлде иджтихат жасай алмайды. Бірақ олар усулді жақсы меңгерулері себепті, қағида ұстану мәнерлері қатал болған себепті екі жақты меңзейтін қауылдарды және мазхаб иелерінен немесе екінші сатыдағы муджтахиттерден риуаят етілген екі мұхтамал болған үкімдерді түсіндіріп, тексеріп беретін ғалымдар. Оны біз Хидоя сияқты кітаптарда “كذا في تخريج الكرخي “ “تخريج الرازي “ осылай кездестіреміз. Яғни, осы ғалымдардың сараптамаларынан өтіп олардың сахих екендігіне көзіміз жетеді.

Бесінші саты: اصحاب الترجيح من المقليدين – мазхабтың ішіндегі тахриж жасаушылар. Абул Хусейн ал-Қудури, Али ибн Абу Бакр ал-Марғинани (Алла оларды рахымына алсын) және солар сияқты ғалымдар. Олардың жұмысы – екі риуаяттың қайсысы басқа риуаяттан абзал екендігін ажыратып береді. Осындай сөздермен “هذا أولى”- бұл абзалырақ, “هذا أصح رواية”- бұның риуаяты сахихырақ – деп келеді.

Алтыншы саты: المقلدين القادرين علي التمييز بين الاقوي والقوي و الضعيف و ظاهر الرواية و ظاهر المذهب و الرواية النادرة – мазхабтың ең қуатты, әлсіз риуаяттарды және захиру риуаят, захирул мазхаб, надирул риуаяттарды ажыратып берушілер. Олардың жұмыстары кітаптарында әлсіз риуаяттар мен қайтарылған қауылдар болмауы тиіс. Канздың авторы Абул Баракат ан-Насафи, ал-Мухтардың авторы Мадждуддин ал-Мусили, Уиқояның авторы Таджу-шариға ал-Махбуби және тағы басқа ғалымдар сияқты.

Жетінші саты: Олар жоғарыдағы сатыдағылар сияқты ештеңе істей алмайды, құнды мен арзанды ажырата алмайды, оң мен солды ажырата алмайды. Бірақ тапқан нәрселерді жинақтай береді. Олардың артынан ергендерге өкініш, қайғы болмақ.

Бұл тек Ғаллама ибн Камалдың пікірі ғана. Бұны мысал ретінде келтірдік. Ғалымдардың көпшілігі айтады және ең дұрысы Абу Ханифаның екі шәкірті Абу Юсуф пен Мухаммад (Алланың рахымы болсын) ұстаздары сияқты бірінші сатыға жатады. Оларды да шариғаттағы Муджтахит деп айту керек.

Наркес Боханов

«Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің ұстазы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: