Жан мен нәпсі – бір ұғым

Жан мен нәпсі – бір ұғым

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Рух «нәпсі» деп те аталады. Кейбір ғұламалар рух пен нәпсінің арасын ажыратқан. Бірақ бір топ ғұламалар рух пен нәпсінің бір нәрсе екендігін айтады. Алла тағала Құранда нәпсіні үш түрлі (яғни жамандыққа бұйырушы нәпсі, жазғырушы нәпсі және тыныштық тапқан нәпсі) атайды.

Мысалы, Алла тағала: «Расында, нәпсі Раббым рақым еткеннен басқаны жамандыққа бұйырушы»1; «Жоқ, жазғырушы нәпсімен ант етемін»2; «Ей, тыныштық тапқан нәпсі! Раббыңа, Ол сенен, сен Одан разы болған түрде қайт! Енді құлдарымның арасына кір! Сондай-ақ жаннатыма кір!»3 – деген. Негізінде, осы аяттарда айтылған нәпсілердің бәрі – бір нәпсі. Ғұламалар осылай деген. Бірақ нәпсі үш сипатқа ие.

Тахауия ақидасының түсіндірмесінде: «Бұлар бір нәпсі, оның сипаттары бар. Негізінде, ол – жамандыққа бұйырушы нәпсі1 , егер оған (нәпсіге) иман қарсылық көрсетсе, ол жазғырушы нәпсіге айналады. Ал егер иман күшейсе, ол тыным тапқан нәпсі болып табылады» делінген. Демек, жан (рух) – нәпсі мен рух деген екі атауды иеленген бір ұғым.

1 «Юсуф» сүресі, 53-аят.

2 «Қиямет» сүресі, 2-аят.

3 «Фәжр» сүресі, 27-30 аяттар.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: