Шынайы тәубеге келудің 6 амалы

Шынайы тәубеге келудің 6 амалы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Үнемі күнә жасап жүретін пендесін Алла Тағала кешіре ме?» Сіздер қалай ойлайсыздар?

Бұл дүниедегі ешбір жан күнә жасамадым не болмаса күнә жасамаймын деп сенімді түрде айта алмайды. Тіпті тақуа жандардың өздері де өмірінде бір рет болсын шалыс басып қателесуі, күнә жасап қоюы, біреуді ренжітуі немесе әділетіздік жасауы әбден мүмкін. Ешкім де күнә жасаудан сақтандырылмаған. Біреу жасаған ісіне өкінер болса, енді біреу рұқсат етілген шектен шығып кеткені жөнінде тіпті де ойланбайтын болады. Біреу Алладан кешірім сұрап, тәубесіне келер болса, енді біреу бұл күнәдан енді арыла алмаспын деп Алланың мейірімінен үмітін үзіп алады.

Тәубеге келу, Жаратушының мейірімінен үміт күту – адам баласын Алла Тағалаға бір қадам болсын жақындатады әрі хақ жолға түсіп, күнәдан арылуға мүмкіндік береді. Төменде сіздермен шынайы тәубеге келудің 6 амалын қарастырып өтеміз, өйткені тек шынайы тәубеге келу мен өз қателіктерін түсіну ғана толықтай рухани тазалануға септігін тигізеді:

1. Жаратушының мейіріміне шек қоймайық

Егер жасаған күнәмызға кешірім жоқ деп санайтын болсақ, онда Алла Тағаланың мейіріміне тұрпайы түрде шек қойғанымыз, өйткені Алланың мейірімін біз қарапайым адами стандарттарға теңестіріп кетеміз.

Алла Тағала – ат-Таууаб, шынайы тәубені қабыл етуші. Сондықтан да «Мені Алла кешіре ме?» емес, «Оған біз қайта аламыз ба?» деген сауалды өзімізге қоюымыз керек . Міне, мәселе қайда жатыр. Жан-тәнімізбен Аллаға қайтуымыздан бізді ұстап тұратын күнәміз бен нәпсімізге бой алдырмайық. Алла Тағаланың Құдіреті біздің күнәларымыздан артық. Жаратушының мейірімін ұмытпайық!

2. Алла Тағала шүкір айтып, Оның уәдесін есімізде ұстайық

Егер Алла Тағала біздің жүрегімізге тәубеге келу ниетін ұялатқан болса, онда Аллаға шүкіршілігімізді білдірейік. Біле білген адамға – бұл зор мейірім. Алла Тағла Қасиетті Құранда былай айтқан: «(Мұхаммед Ғ.С.): “Әй өздеріне зиян қылған құлдарым! Алланың рахметінен күдер үзбеңдер. Алла біртұтас күнәларды жарылқайды. Өйткені Ол тым жарылқаушы, төтенше мейірімді” де» (39:53).

Қасиетті Құранды оқып отырайық, Алла Тағала Өз сөзінде ешқашан уәдесін бұзбайтынын келтірген. Мүміндерге берген Алланың уәдесі - бізді Оның мейіріміне жету жолында тоқтамауға итермелейтін болады.

3. Жаман істен кейін бір жақсы амал жасап отырайық

Бір жаман амал не жағымсыз қылық жасап қойсақ, бірден Алладан кешірім сұрап отыруды әдетімізге айналдырайықшы. Тіпті алғашқы кезде сондай шынайы түрде жасамасақ-та, кешірім сұрап жүрейік. Жаман қылық жасап, шалыс басып қойдық па, онда бірден: «Астагфирулла уа атубу иляйхи» (Алладан кешірім сұраймын және тәубеме келдім), - деп айтып, кез-келген бір жақсы амалды жасап отырайық. Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтқан: «…жаман амалдан кейін оны өшіріп кететін бір жақсы амал жаса» (Тирмизи).

Мысалы үшін, ғайбат айтып бір күнә жасап қойдық делік, онда бір әрпін оқығаны үшін он есе сый берілетін Құранды ашып, аз дегенде бір аятты оқуға тырысайық немесе садақа берейік.

4. Аллаға қайта-қайта оралып отырайық

Тіпті шынайы түрде енді ешқашан күнә жасамаймын деп уәде беріп тұрып, ертеңінде күнә жасап қойсақ, онда қайтадан Алладан кешірім сұрап, енді қайтып күнә жасамауға сөз беруіміз керек. Алла Тағала бізге осындай мүмкіндікті нәсіп еткен. Аллаға сансыз шүкірлер болсын. Алла Елшісі (ﷺ) бұл жөнінде былай айтқан: «Жасаған күнәсі үшін тәубеге келген адам, ешқашан күнә жасамаған адамға тең» (Ибн Маджа).

5. Күнәміз бен Алланың мейірімін салыстырып көрейік

Өзімізді тәубеге қалай келтіре аламыз? Өмір бойы жсаған күнәларымызға бір ой жүгіртіп өтейікші. Бұл дене мүшелерімен жасалған – өтірік, ғайбат болуы мүмкін немесе жүрекпен жасалған – тәкаппарлық, қызғаныш та болуы мүмкін. Сондай-ақ, намазды тастау мен оразаны ұстамауды айтпағанда, ата-анаға деген құрметсіздік де күнә болып табылатындығын да ұмытпайық.

Ал енді біздің жасап жүрген күнәларымыздың ауырлығына қарамастан Алла Тағаланың бізге қаншама нығымет нәсіп еткені жөнінде біраз ойланып көрейікші. Алланың қалауымен, бұл біздің жүрегімізді шынайы тәубеге келуге ашады.

6. Тәубе-намаз оқиық

Алла Елшісі (ﷺ) былай айтқан: «Алла құлдарының бірі күнә жасайтын болса, содан кейін лайықты түрде дәрет алып, екі ракағат намаз оқып, Алладан кешірім сұраса, Алла Тағала оған міндетті түрде кешірім береді» (Ахмад).

Ма ша Алла, қандай құны жоқ сый десеңізші! Шынайы түрде оқылған екі ракағат тәубе-намазымыз біздің күнәміздің кешірілуінің себебіне айналып отыр. Сол себепті күнә жасап қояр болсақ, тәубе намазын оқуға асығайық та шайтанның бізді айнытып тастауына мүмкіндік бермейік!

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: