Алладан қорқуды арттырудың 7 жолы

Алладан қорқуды арттырудың 7 жолы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла алдындағы қорқыныш біздің өміріміздегі әдеттегі қорқынышқа мүлде ұқсамайды.

Алла Тағала Қасиетті Құранда былай айтқан: «(Мұхаммед Ғ.С. оларға): “Алла жаққа жүгіріңдер. Сөзсіз мен, Оның тарапынан сендерге ашық ескертушімін” (де)» (51:50).

Осы бір көркем аятта қорқыныш пен үміт үйлесіп кеткен. Біз өзіміздің Жаратушымыздан қорқуымыз әрі Оған ұмтылуымыз керек, өйткені бізді Оның Өзінен Ол ғана қорғай алады. Өзінің ашуынан тек Ол ғана құтқара алады. Қорқыныш туралы Құранда не айтылған?

Құранда Алла алдындағы қорқынышты білдіретін 10-нан астам сөз кездеседі. Жиі қолданылатын сөз – «хауф», төніп келе жатқан қауіптен қорқуды білдіреді.

Мысалы үшін, дауылды алдын ала ескерту. Күн райының бұзылуына байланысты өзіңізді қорғау үшін тиісінше шаралар жасайсыз. Айналаңыздағы Алланың ескертулерін байқап, келесі өмірге дайындала жүріңіз!

Тағы бір сөз - «хашия» - өмір мен денсаулыққа тікелей төнетін қорқынышты білдіреді. Мысалы үшін, улы жыланнан немесе жыртқыш аңнан қорқу. Құранда Алла Тағала үнемі нақты бір жаратылыстар мен құбылыстардан төніп тұратын қауіптер туралы ескертеді.

«Хушуг» сезімінің негізінде қорқыныш жатыр. «Хушуг» сөзімен намазда тұрған мүміннің қорқынышы сипатталады. Бұл қорқыныштың көзі жүректе, алайда оның ықпалын мүмін бүкіл денесімен сезінеді. Алла Тағаладан Оның сөздері біздің жүректерімізге жетіп, тәнімізге әсер етсін деп тілейік.

«Такуа» өз қауіпсіздігіңізге қатысты шаралар қолдануға мәжбүрлейтін қорқыныш түрін білдіреді. Мысалы үшін, тонаушылардан қорғану үшін есіктеріңізді құлыптап қоясыздар. Дәл осылай мүмін өзінің иманы мен әрекеттерін осы және о дүниенің жағымсыз салдарынан қауіпсіздендіреді.

Төменде Алла алдындағы қорқынышты арттыратын 7 жолды келтіреміз:

1. Өзімізді ұмытпайық

Өзгелерге шамадан тыс қамқор болу – адамның өзіне бейжай қарауына әкеліп соғады. Бұл жағдай біздің иманымызға да қатысты. Егер біз өзіміздің тілімізді таба білмесек, онда Алланың ескертулеріне сәйксінше әрекет ету жеңіл бола қоймас.

2. Алла алдындағы қорқыныштан басқа қорқыныштан аулақ болайық

Өміріміз қорқыныш пен үрейге толы болған сайын, бізде қорқыныш сезімі баяулай түседі. Қарапайым тілмен айтсақ, үрей тудыратын фильмдер және қайырымсыз бейне ойындар шынайы қорқыныш көздеріне бізді бейімсіз етіп тастайды.

Егер біз теледидардан үнемі зорлық-зомбылық сипаттағы дүнилерді көретін болсақ, онда Алла Тағала Құранда сипаттаған Тозақ пен Қиямет күнінің қорқынышы бізге лайықты түрде әсер етпей қалатын болады.

3. Алла алдындағы қорқыныштың – рақым екенін түсінейік

Алла Тағала Құранда былай айтқан: «Раббының құзырына шығудан қорыққан кісіге екі пейіш бар. Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?» (55:46-47).

Егер біз Алла алдында тұрудан қорықсақ әрі осы қорқынышты әр кез намазға тұрғанда сезінетін болсақ, онда бұл қорқыныш сезімі бізге Жұмаққа кіруге көмектеседі. Бұл Алланың бізге нәсіп еткен мейірімі.

4. Өзімізді қоршаған құбылыстар мен жаратылыстар жөнінде ой жүгіртейік

Ақырзаман мен Қиямет күні жұма күні болатынын білеміз бе? Алла Елшісі (ﷺ) былай айтқан: «Жұмадан қорықпайтын Аллаға жақын ешбір періште, ешбір жер, ешбір жел, ешбір тау мен ешбір теңіз жоқ» (Ибн Маджа).

Әр жұмада және басқа күндері осы жөнінде өзіміздің есімізге салып отырайық. Ақтық деміміздің қашан болып, өміріміздің қашан қиылатынын Алладан басқа ешкім білмейді.

5. Жәбірейіл періштенің (ғ.с.) сөздеріне жігерленейік

Бірде Алла Елшісіне (ﷺ) Жәбірейіл періште (ғ.с.) жылап келеді. Мәртебелі Пайғамбарымыз (ﷺ): «Сенің жылауыңа не себеп болды?» - деп сұрайды. Сонда Жәбірейіл (ғ.с.): «Алла Тағала Тозақты жаратқан кезден бастап жылап жүрмін. Күндердің күнінде мен Алла Тағалаға бойұсынбай қойып, Ол мені Тозаққа тастай ма деп қорқамын», - деп жауап берген екен (Байхаки).

Сіздің Тозақ отына жанып кету қорқынышынан жылаған кездеріңіз болды ма?

6. Сахабалар сезінген Алла алдындағы қорқыныш жайында ойланып көрейік

Жасаған жақсы амалдарына қарамастан, сахабалар Алладан қорқуларын қоймаған. Біз де жасаған жақсы амалдарымыздың көптігіне қарамастан, Алладан амалдарымызды қабыл етуін сұрауды ұмытпайық әрі Алла амалдарымызды қабыл етпей қоя ма деп қорқып жүрейік. Жақсы амалдар жасауымызды үзбей, Алла Тағала разылығына қол жеткізу үшін тынбай еңбек ете білейік.

7. Өзімізге және маңайымыздағыларға Алладан қорқуға кеңес бере жүрейік

Кейде өзімізге: «Алладан қорық!» деп айтып жүруді әдетке айналдырайық. Осы дүниеде және ақиретте табысқа жеткісі келетін жақын-туыстарымызға шын жүректен Алладан қорқып жүрулеріне ақыл-кеңес беріп отырайық.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: