Сынақ

Сынақ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Адам баласының қамшының сабындай қысқа өмірі қилы сынақтарға толы. Қазіргі таңда, дәл қазір осы сынақтан өту саған өте ауыр екенін мен білемін, бауырым, алайда Алла Тағала бұл сынақтан өтуге тек сені ғана таңдаған, енді сен сабырлық танытып, терең тыныс алып: «Егер Жаратушым бұл сынақты маған жіберіп тұрса, ендеше риза болған құл ретінде аталмыш сынақтан сүрінбей өтуге бел будым», - деп белді бекем бууың керек. Әрбір сынақтың басы болғандай, соңы да болады, бәрі де өткінш, көбісі ұмыт болады, жанды жегідей жегенін қояды, күндердің күнінде осынау қиын-қыстау күндеріңді жүзіңе күлкі үйірілген түрде есіңе алатын боласың, ин ша Алла.

Сол себепті еш қорықпа да сары уайымға салынба! Ешқашан Алланың мейірімінен үмітіңді үзуші болма! Үнемі: «Мұның бәрі сынақ, Алла Тағала тек Өзі сүйетін құлдарын ғана сынайды, мұның бәрі уақытша, мұның бәрі өткінші», - деп өз жүрегіңдегі үміт отыңды сөндіре көрме. Бұл баянсыз дүние көзді ашып-жұмғанша өте шығады. Күндердің күнінде тірі жүргендер үшін сен де, мен де тек естелік қана болып қала береміз. Ендеше, өзіңнің соңыңнан тек жақсы естеліктер қалдыруға тырыс. Алланың дәл саған нәсіп еткен сынағына сынба да мойыма, шүкір ет.

Алланың сынағын разы болған түрде қарсы ал, лайықты түрде сабырлық таныта біл! Мүмкін осы қасиетің үшін Жаратушы сені Өз рақымына бөлеп, бұл дүниедегі сынағын жеңілдетер не болмаса ақырет дүниеде Жұмақ мекендеушілерінің қатарынан етер! Алла Тағаланың Мейірімі шексіз! Алла Тағала сынақты тек сол сынақты көтере алатын құлына ғана беретіндігін бір сәтке болсын есіңнен шығарма! Демек, Алланың қалауымен, сенің өзге жандардан мықты болғаның, бауырым!

Сыдықова Ақерке

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: