Достарымыз үшін дұғада болайық!

Достарымыз үшін дұғада болайық!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Иә, Жаратушы Жалғыз Алла! Достарымның қандай қиыншылықтарды басынан өткізіп жүргенін мен білмеймін, алайда Сен бәрін Білушісің! Мен олардың үнсіздіктерін көремін, ал Сен олардың жасаған дұғаларын Естушісің! Мен олардың күлкісін естимін, ал Сен олардың көзінен аққан жасын Көрушісің! Мен олардың жасаған амалдарын білемін, ал Сен қай амалдарының қабыл болғанын Білесің! Мен олардың сұлу жүздерін көремін, ал Сен олардың жүрегіндегі нала мен шорды Білесің! Иә, Алла, достарымыздың біліп-білмей істеген, ойдан-тілден кетірген қателік, кемшілік, күнәларын кешіре гөр! Олардың жүректеріне иман ұялатып, өмірін қайырлы да берекелі ете гөр һәм екі дүниенің бақытын нәсіп ете гөр! Әмин!

 Ақерке Сыдықова

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: