15 бөлім. Мұхаммед (ﷺ) жайында Тәуратта айтылған мәліметтер (1 бөлім)

15 бөлім. Мұхаммед (ﷺ) жайында Тәуратта айтылған мәліметтер (1 бөлім)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тәурат Алла Тағала тарапынан Мұса пайғамбарға (ғ.с.) түскен. Онда өз заманына сай жаңа Заң (шариғат) болған. Тәуратта көптеген келешекте келер пайғамбарлар айтылып өткен. Солардың арасында – біздің сүйікті Пайғамбарымыз (ﷺ) да бар. Ол (ﷺ) туралы Алла Тағала Мұсаға (ғ.с.) былай хабарлаған: «Мен саған ұқсас пайғамбар жіберемін, сенің халқыңа туысқан елден әрі оның аузына сөз салып беремін. Және де ол Мен бұйырғанның бәрін жеткізетін болады.

Кімде-кім Менің атымнан айтылатын оның сөздеріне бағынбаса, мен қатты жазалаймын. Ал өркөкіректікпен маған қарсы шығатын, Менің атымнан Менің бұйырмағандарымды айтатын немесе басқа Құдайдың атынан сөйлейтін  жалған пайғамбар өлтірілуі тиіс. Ал егер сен ақиқат пайғамбарды жалғаннан ажыратқың келсе, онда міне, саған белгі: егер пайғамбар Тәңіріңнің атынан бірнәрсе айтып, ол орындалмаса, онда ол өзін-өзі дәріптейтін жалған пайғамбар. Сондықтан одан қорықпа»[1].  Яһудилер бұл үзіндіде Мұсаның (ғ.с.) мұрагері Юшаꞌ ибн Нун туралы сөз болып отыр деп айтқан. Сонымен бірге, Ғисаның (ғ.с.) заманында олар Ғисаны (ғ.с.) емес, басқа пайғамбарды күткен. Олар Иоан Шоқындырушыға (Яхьяға) барған, ол Илия мес пе деп сұрау үшін[2].

Ол: «Жоқ», - деп жауап береді. «Сен Христоссың ба?» Ол тағы да «Жоқ», - деп жауап береді. Одан: «Сен пайғамбарсың ба?» - деп сұрайды. Ол тағы да: «жоқ», - деп жауап береді. Сонда олар былай айтады: «Егер сен Илия да, Христос та, пайғамбар да болмасаң, неге онда шоқындырасың?!» Бұл яһудилердің Тәураттан Илия, Ғиса және Ғиса заманына дейін келмеген басқа пайғамбар туралы да білгендерін көрсетеді. Сондай-ақ, Тәуратта Пайғамбарымыз (ﷺ) сипатталғанда  «Мұсаға ұқсас» деп айтылған. Ал Екінші заңның соңында яһудилерде Мұсаға (ғ.с.) ұқсас пайғамбар болмаған деп анық айтылған.


 7  Кітаптың авторы берілген үзінді Екінші заңның сегізінші тарауынан алынғанын көрсеткен. Алайда біз оны таба алмадық. Мүмкін, оқырмандардың біреуінің жолы болар.

8  Иоанның Інжілі,  тарау 1, 19-25.

asyldin.kz

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: