Аллаға серік қосып алмаңыз...

Аллаға серік қосып алмаңыз...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Көбіне сәбилердің бас киімдерінде тағылып жүрген түйрегіш, көздің жауын алардай кішкене тастарды немесе нәрестенің маңдайының қақ ортасына жағылған қара күйені жиі көретініміз өтірік емес. «Түйрегішті  не үшін тағып, күйені не үшін жақтыңыз?» - деген сұраққа: «Көз тимесін!» - деп әдейі тағып қойдым деген бір-ақ жауап аласыз. СубханАлла.

Сонда сәбиіңізді тіл-көзден жаңағы жансыз түйрегіш пен қара күйе сақтайды деп ойлайсыз ба? Жансыз дүниелерді қанша тақсаңыз да – олар сізге қорған бола алмайды, соны біліп қойыңыз. Жаратушы тұрғанда жаратылғандардан көмек тілеп жүретін оқыған-тоқыған жандардың қылығы мені қатты қайран қалдырады. Қасиетті Құранда Алла Тағала былай айтқан: «(Мұхаммед Ғ.С.) егер Алла саған бір зиян жеткізсе, сонда оны Алладан басқа айықтырушы жоқ» (10:107).    

Ал адамзаттың асылы Пайғамарымыз (ﷺ): «Асылында, дуа, бойтұмар (амулет), сиқыр – шірк» (Ахмад 4/156, әл-Хаким 4/417). «Кімде-кім бойтұмар (амулет) тақса, сол шірк жасады» (Ахмад 3433, Әбу Дәуд 3385). «Амулет таққанның Алла мұқтаждығын өтемейді» (Ахмад 16781) - деп айтты емес пе?      

 Ақерке Сыдықова

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: