12 бөлім. Пайғамбарымызға (ﷺ) пайғамбарлық келгенге дейінгі өмірі

12 бөлім. Пайғамбарымызға (ﷺ) пайғамбарлық келгенге дейінгі өмірі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Алла Елшісіне (ﷺ) әкесінен мирас болып ештеме қалмаған. Тумай жатып-ақ ол тұл жетім болды. Оны Саꞌд тайпасында асырап өсірді, ал әлдебір жұмысты атқара алатын жасқа жеткенде, өзінің сүт бауырларымен бірге шексіз жазық жерлерде қой баққан. Сосын Меккеге оралғанда да бірнеше уақыт ақша табу үшін, жергілікті тұрғындардың қойларын бағады,  бұл туралы бізге имам әл-Бұхари[1] «Сахихте» айтады. Пендешілік пен оның қамынан қол үзушілік  – пайғамбарлардың міндетті қасиеті. Өйткені, егер олар бай болса, пендешілік орын алып, оларды мәңгіліктен алаңдатар еді. Сондықтан да Алланың шариғаты тақуалық пен пендешіліктен қол үзушілікті қолдауда бірыңғай. Және де пайғамбарлардың тарихтары осы ойды жеткізудегі ең үздік мысал. Сонымен, Ғиса пайғамбар (ғ.с.) адамдардың ең тақуасы болған. Мұса мен Ибраһим де (ғ.с.) сондай болған. Балалық шақтарында бәрлері де кедей болған. Алла Тағаланың ұлы данышпандығы да осында, Ол пайғамбарларды соңынан ерушілерге пендешілік игілік пен оларға жету ұмтылысының соңына түсуінен бас тартуда оларды үлгі етті. Пендешіліктің соңына түсушілік тек қасіреттер мен сынақтарға ғана әкеліп соғады. Барлық пайғамбарлардың қой баққанында да зор кемеңгерлік жатыр, ол туралы бізге әлемдегі ең шыншыл адам (ﷺ) жеткізген  (әл-Бұхариден жеткен хадисте). Себебі, қой ең әлсіз жануар – адамның жүрегіне жұмсақтық, мейірімділік пен аяушылық ұялатады. Енді қойлар қамынан адамдар қамына көшкенде, ол табиғи ашуланшақтық пен зорлық-зомбылыққа бейімділіктен арылады. Ол өз бойына әділеттілікті сіңіреді. Алла Елшісі (ﷺ) ержеткенде саудамен айналыса бастайды. Ас-Саиб ибн Әбу ас-Саиб оның серігі болады. Ол ақы алып Хадишаның (р.а.) сауда істерімен Шамға барып жүреді. Ал ол оған үйленгенде – ол бай әйел болған – оның мүлкін басқарған, өзінің тапқанын жұмсаған. Алла оған сыйлаған игіліктерді «Духа» сүресінде көрсеткен: «Әлбетте Раббың саған береді де разы боласың. Сені жетім түрде тауып орналастырмады ма? Сені абыржуда көріп, жолға салмады ма? Сені кедей көріп, байытпады ма?» (93:5-8).                                                                            Баспана мен байлық Пайғамбарымызға (ﷺ) пайғамбарлыққа дейін берілген болатын, ал ақиқат жолға түсуі – өзінің арқасында. Алла оған Кітапты, Ибраһимнің иманы мен дінін сыйлады, мұның бәрін Мұхаммед (ﷺ) пайғамбарлыққа дейін білмеген. Алла Тағала «Шура» сүресінде былай айтқан: «(Мұхаммед Р.С.) саған осылайша әмірімізден бір “Рух” уахи еттік. Сен, Кітап не, Иман не, білмейтін едің. Бірақ Құранды нұр қылып, онымен құлдарымыздан кімді қаласақ, тура жолға саламыз» (42:52).


 

1 Алла Елшісі (ﷺ) былай айтқан: «Алланың жіберген пайғамбарларының бәрі қой баққан». Сахабалар сұраған: «Ал сен ше?». Ол: «Иә, бірнеше уақыт ақша үшін мен де меккеліктердің қойын баққанмын».

asyldin.kz

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: