Намазды зейнетке шыққанда оқимын десеңіз мынаны біліңіз!

Намазды зейнетке шыққанда оқимын десеңіз мынаны біліңіз!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Намазды қартайғанда оқимын», - дейтіндерге: «Қабірде жатқандардың бәрі қарт емес...», - дегім келеді.

- Адам намазды тастап кете алмайды, лайық болмаған соң, намаз адамды тастап кетеді...

- «Намаз оқымасам да жүрегім таза», - деу: «Мен жуынбаймын, бірақ денем таза», - дегендей...

- Кімде-кім таң намазын қалдырса, жүзінде нұр болмайды;

- Кімде-кім бесін намазын қалдырса, ризығында береке болмайды;

- Кімде-кім екінті намазын қалдырса, денесінде күш болмайды;

- Кімде-кім ақшам намазын қалдырса, ұрпағында береке болмайды;

- Кімде-кім құптан намазын қалдырса, ұйқысынан рахат таппайды.

Намаз жайында осы айтылғандардың бәрін ескере келе: «Қияметте құлдан ең бірінші сұралатын ғибадат - намаз» екенін естеріңізге сала отырып, Алланың қалауымен, осы қасиетті Рамазан айында Жаратушының жаратқан пендесіне парыз еткен құлшылығы – намазды үйренуге үндейміз. Әттең, намазға келгенде пенденің сылтауы басынан асып кететіні рас. Алайда сылтаудың да бір шегі болар. Ең басты сылтау – уақыт жоқ, зейнетке шыққанда, үйде отырғанда оқимыз. Әй, ағайын, Алла тілеулеріңізді беріп, қазіргі таңда карантин себепті үйде отыр емессіздер ме? Уақыт деген жетерлік, Аллаға шүкір. Алла разылығы үшін, намаз үйреніп, оқыңыздар! Алланың намаз оқуға бұйырған уақыты келді деп есептеңіздер. Алла сіздерге жар болсын! «Мұсылманның жақсысы өзіне не тілесе, өзгеге де соны тілейтіні», - демекші сіздерге екі дүниеде де жақсылық тілеймін әрі мәңгілік өмірде, Алланың қалауымен, Жаратушы бізді Жұмақта көрші болуға нәсіп етсін! Әмин!

 Ақерке Сыдықова

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: