9 бөлім. Шамға екінші сапар

9 бөлім. Шамға екінші сапар

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Пайғамбарымыз (ﷺ) жиырма беске толғанда, ол екінші рет Шамға сапар жасайды. Мәселе саудамен араласатын өзі бай, өзі мәртебелі Хадиша есімді әйел, Хууайлидтің қызы, өзінің ақшасына сауда жасатуға еркектерді жалдап жатқан болатын әрі сол үшін оларға пайдасынан түскен үлесін беріп отыратын. Мұхаммедтің (ﷺ) теңдесі жоқ адалдығы мен шыншылдығының арқасында оны әл-Амин (сенімге лайық) деп атап кеткендігін естіген Хадиша Мұхаммедке (ﷺ) Шамға барып оның тауарларын сатуды ұсынады әрі басқаларға қарағанда Пайғамбарымызға (ﷺ) көбірек төледі. Мұхаммед (ﷺ) Хадишаның құлы Майсарамен бірге аттанады, тауарларын сатып әрі керек-жарақтарын алып, зор пайдамен оралады. Осы сапар кезінде Пайғамбарымыздың (ﷺ) берекелігі толығымен көрінеді, сонысымен Хадишаның құлы Майсараның жүрегінде Пайғамбарымызға (ﷺ) деген сүйіспеншілік оянады[1].

 


 [13]   Ибн Хишам бұл оқиғаны былай жеткізеді: «Алла Елшісі (ﷺ) монахтардың бірінің хужрасының қасындағы талдың көлеңкесіне тоқтайды. Монах Майсараға мұқият қарап алып, одан: «Мына талдың көлеңкесіне тоқтаған анау адам кім?» - деп сұрайды. Майсара оған: «Бұл Құрайыш тайпасының адамы, Меккенің тұрғыны», - деп жауап береді. Монах оған: «Бұл талдың астына Пайғамбардан басқа ешқашан ешкім тоқтамаған», - дейді. Сосын Алла Елшісі (ﷺ) алып келген тауарын сатып, қалаған  дүниелерін алады. Содан кейін Майсарамен бірге керуенге ілесіп Меккеге жол тартады. Сендіріп айтқандай, талтүстегі аптап ыстықта, әсіресе ыстық күшейе түскенде, түйенің үстінде келе жатқан Мұхаммедті (ﷺ) күннен көлегейлеген екі періштені көреді Майсара. Мұхаммед Меккеге келіп, Хадишаға тауарын береді, ол онымен әкелінген тауарды сатады. Тауардың сомасы дерліктей екі есеге өседі».

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: