19 бөлім. Дәжжал: Одан қалай сақтануға болады?

19 бөлім. Дәжжал: Одан қалай сақтануға болады?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла Елшісі (ﷺ) өз үмбетін Дәжжалдан келер зор бүліктен қорғану амалдарынсыз қалдырмаған.  Сондықтан хадистерде осы бүліктен қорғануға арналған кеңестерді кездестіреміз.

Ең басты қорғаныс – Ислам дінін толықтай ұстану, Алланың есімдерін, атрибуттарын танып-білу және, ең бастысы, Алла Тағаланың жаратқандары Оның қасиеттерімен белгіленбейтіндігі туралы ілімде. Осылайша, Дәжжалдан басты сақтану – Бірқұдайлық (таухид)  пен ақиданы білу.

Осы кездің өзінде-ақ дін негіздерін түсінудегі кемшіліктерді көрудеміз. Мысалы үшін, көптеген надан мұсылмандар өздерін ашық христианбыз деп отырған сиқыршылар мен көріпкелдердің көмегіне жүгінеді. Мұсылмандарда «Ванга осы оқиғалардың бәрін қалай білген? Ендеше, бәрі жайдан жай емес...», - деген ой туындайды.

Дәжжал өлгендерді тірілте бастағанда оған көпшіліктің табына бастағанына таңғалуға бола ма? Сол сияқты Ванганың іс-әрекеттері әлден сұрақтар мен күмәндар тудыруда. Осы күпірліктің бәрінен қорғанудың жолы – ақиданы білу. Дәжжалдан қорғанудың екінші жолы – Пайғамбарымыз (ﷺ) үйреткен дұғаны намаздың соңғы отырысында тәшәхуд пен салауатты оқыған соң айту.

«Уа, Алла! Мен Өзіңе қабір азабынан, мәсих Дәжжалдың бүлігінен сақтауыңды сұрап жалбарынамын».

Имам әл-БұхариАллаЕлшісінің (ﷺ) былай дұға жасағанын жеткізген:

«Уа, Алла! Мені бұл фәнилік бүліктен қорғай гөр!», - яғни Дәжжалдың бүлігінен. Бұл жөнінде Ибн Хаждар әл-Аскаляни былай деген:

«Дәжжал бүлігінің «бұл фәнилік бүлік» деп аталуы, оның осы дүниедегі ең үлкен бүлік екендігін көрсетеді» (2).

Имам Мүслім де Алла Елшісінің (ﷺ) тәһәжүд намазында төрт нәрседен:  Тозақтан, қабір азабынан, өлілерді тірілту бүлігінен және Дәжжалдың зұлымдығынан сақтауын сұрап дұға жасағандығын келтірген.

Бұл жердегі алғашқы екі бүлік — келесі өмір бүліктері болса, ал Дәжжалдан келер бүліктің олардың қатарында айтылуы оның қауіптілігін көрсетеді, сол бүлікте қаза болу -  мәңгілік өмірдегі опат болуды білдіреді. Намазда айтылар осынау дұғаға сәләфилер көп көңіл бөлгендері сондай, имам Тауасу өзінің ұлы намазда бұл дұғаны айтуды ұмытып кетсе, намазын қайта оқытқан екен (3).

«Ляуами әл-ануардың» (4) авторы былай айтқан:

«Ғалымдарға Дәжжалдың келуі туралы хадистерді балаларға, әйелдер мен еркектерге үнемі айту керек. Дәжжалдың келуінің белгілерінің бірі -мешіт мінберінен ол туралы айтылмайтын болатындығы».

Имам Мүслім келтіргендей, «әл-Кәһф» сүресінің алғашқы он аятын оқу – Дәжжалдың бүлігінен сақтану болады.  Әсіресе, жұма күндері осы сүрені оқуға уақыт бөлу керек. Дәжжал келген уақытта ол кіре алмайтын Мекке мен Медине жеріне қашу керек. Иман келтіргендер бұл бүліктен қорқулары тиіс, «Мен оның қармағына ілікбеспін», - деп ойлаудың қажеті жоқ, өйткені одан сақтанып дұға жасауды Пайғамбарымыз (ﷺ) бұйырған. Аталмыш бүліктен сәләфилер қорыққандықтан,  біз де қорқуымыз керек. Бүлікті қағаз жүзінде бастан өткеру басқа да, онымен шынайы бетпе-бет кездесу басқа.

Алла Тағала бізді, біздің жақындарымызды және біз жақсы көретіндердің бәрін осы бүліктен сақтасын. Әмин!

 

(1) Бухари, Мүслім

(2) Фатх әл-Бари, 11/179

(3) Тахзиб әт-тахзиб, 5/8-10

(4) 2/10-107

 asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: