17 бөлім. Дәжжал қайдан шығады?

17 бөлім. Дәжжал қайдан шығады?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

17 бөлім. Дәжжал: Оның пайда болу жері әрі Дәжжалды мойындамаушылар

Хадистердің бірінде Фатима бинт Кейс Дәжжал Шығыстағы Хорасан деген жердегі Асбахан яһудилерінен пайда болады деп келтірген.

Имам әт-Тирмизи Әбу Бәкірден (р.а.) келтірген хадисінде:

«Алла Елшісі (ﷺ) маған айтқан: Дәжжал Хорасан деп аталатын Шығыстың жерінде пайда болады».

Имам Ахмадтың «Муснадында» Әнастан келтірілген: «Алла Елшісі (ﷺ) былай айтқан: Дәжжал Асбахан яһудилерінен шығады. Онымен бірге шамамен жетпіс мыңдай яһуди болады».

Фатима бинт Кейс хадисте көрсеткендей, ол бүкіл жерді басып алады, бірақ Мекке мен Медине жерлеріне кіре алмайды.

Ал имам Ахмад Дәжжал төрт мешітке кіре алмайды деген:

«Әл-Харам мешітіне, Пайғамбарымыздың (ﷺ) мешітіне, әт-Тур мешітіне және әл-Ақса мешітіне».

Бұхари хадистер жинағында келтірілгендей, бір күні Пайғамбарымыз (ﷺ)  сахабаларға таныс емес бір адамды көрестіп: «Міне, осы Дәжжал», - деген екен. Бұдан түсінетініміз, заманның соңына таман пайда болар Дәжжал Мекке мен Мединеге кіре алмайды. Оның басты бүлігі – кереметтерінің көптігінде болып табылады, ал надандар болса сол ғажайыптарына иланып, оны құдайдай көре бастайды. Оның бұйрығымен жаңбыр жауып, оның бұйрығымен өнім шығатын болады. Ол жер қазынасын бақылап, жер бетінде жылдам орын ауыстыратын болады.

Заман соңына таман пайда болар Дәжжал туралы тауатур дәрежесіндегі көптеген хадистерден белгілі болғандай, ол жинақтама бейне емес, нақты адам болады. Мұхаммад Абдо және оның мектебін ұстанушылар сияқты кейбір осы ғасыр модерншілері  Дәжжәл тұлғасының шынайылығын жоққа шығара бастады. Олардың айтуынша, Дәжжәл – жек тұлға емес, ол зұлымдықтың жинақтама бейнесі. Бірақ барлық хадистерде ол – жеке тұлға ретінде келтірілген. Ал кейбіреулері оны аллегориялық бейне түрінде түсіндіреді, мысалы үшін, Дәжжал – ол теледидар немесе әлдебір елдің тарихында орын алған тиран. Мұның бәрі Дәжжалдың белгілері, оның қай жерде пайда болуы, одан кейін кімнің келетіні  және не болатыны туралы айтылған нақты хадистерге қайшы келеді. Осы жерде айта кетейік, шариғат мәтіндерін түсіну негіздері – оның мағынасын сөзбе-сөз түсінуде және егер дәлме-дәл түсіну мүмкін болған жағдайда, аллегориялық  түсінік беруге болмайды.

 asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: