8 бөлім. Имам әл-Мәхди жайлы не білеміз?

8 бөлім. Имам әл-Мәхди жайлы не білеміз?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

8 бөлім. Имам әл-Мәхди туралы хадистер

Бесінші хадис

Үмм Сәләма (р.а.) Алла Елшісінің (ﷺ) былай айтқанын келтірген: «Мәхди – менің ұрпағымнан, Фатиманың балаларынан» (Әбу Дәудтің«Сунаны және Ибн Маджаның «Сунаны»).

Алтыншы хадис

Жәбір (р.а.) Алла Елшісінің (ﷺ) былай айтқанын жеткізген: «Және де Ғиса ибн Мәриәм түседі, ал әмір әл-Мәхди былай айтады: «Біздің алдымызда тұрып намаз оқы». Сонда ол (ғ.с.) айтады: «Жоқ, сендер бір-бірлеріңе әмірсіңдер, бұл да осы үмбетке деген Алланың мейірімі»» (Әл-Харис ибн Әбу Усаманың «Муснады»).

Жетінші хадис

Әбу Саид әл-Худри (р.а.) Алла Елшісінің (ﷺ) былай айтқанын келтірген: «Ғиса ибн Мәриәм (ғ.с.) артынан тұрып намаз оқитын — бізден болады» (Әбу Нуайм, «Ахбар әл-Мәхди»).

 

Сегізінші хадис

Абдулла ибн Масуд (р.а.) Алла Елшісінің (ﷺ) былай дегенін жеткізген: «Арабтарды менің ұрпағымнан бір адам билемегенше және сол адамның есімі менің есіміме ұқсамайынша, бұл әлем жоғалып, ғайып болмайды» (Ахмадтың «Муснады»).

Ал басқа риуаятта былай келтірілген: «Оның есімі  - менің есіміме, ал оның әкесінің есімі менің әкемнің есіміне ұқсас болады» (Әбу Дәудтің «Сунаны»). Бұхари мен Мүслімде келтірілген хадистерге келер болсақ, әлдеқашан жарық көріп, айтылып өткен ондағы біршама хадистер имам әл-Мәхдиді көрстеді:                                                                                                                        1. Әбу Хурайра (р.а.) Алла Елшісінің (ﷺ)  былай айтқанын жеткізген: «Егер сендерге Ғиса ибн Мәриям келсе, ал сендердің біреулерің  имам болсаңдар, жағдайларың қалай болар екен?»

2. Жәбір (р.а.) Алла Елшісінің (ﷺ) былай айтқанын келтірген: «Ғиса ибн Мәриям келеді, ал олардың әмірі айтады: «Барып, алдымызда шығып намаз оқы». Сонда ол оған былай айтады: «Сендер бір-бірлеріңе әмірсіңдер. Бұл Алла Тағаланың осы үмбетке деген ізеті»».

 asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (2)

Оқи отырыңыз: