6 бөлім. Имам әл-Махдидің шығатын жері

6 бөлім. Имам әл-Махдидің шығатын жері

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Имам әл-Махди Шығыстан шығады, Ибн Маджа жинағындағы хадисте былай көрсетілген: «Және де сендердің қазыналарыңның қасында үшеу шайқасады, әрқайсысы да халифтің ұрпағынан болады, бірақ ешбірі жеңіске жетпейді, ал содан кейін Шығыстан қара тулар көрінеді, олар сендермен осыған дейін ешкім соғыспағандай соғысады, сосын сендер оны көресіңдер әрі оған ант бересіңдер, өйткені бұл Алланың халифі — әл-Махди болады».

Осы жерде айтылған қазынаға келер болсақ, онда Ибн Касир келесіні айтады: «Бұл мәнмәтінде қазына деп ол үшін халифтердің үш ұрпағы шайқасатын Қағба меңзеліп отыр, ал кейін Шығыстан әл-Махди шығады, бірақ сөз надан рафидиттердің не айтқандарында емес – ол әлдеқашан бар-мыс, өйткені бұл толықтай бос сөз әрі жан түршігерлік сандырақ, оларға: не Құраннан, не Сүнеттен, не ақылдан, не истихсаннан дәлелдер мен дәлелдеулер жоқ» (Ан-Нихая, 1/30). Басқа сөзбен айтсақ, шиіт-имамиттер имам әл-Махди бұрында дүниеге келген, бірақ сосын кіші жасырынуға, ал сосын үлкен жасырынуға кеткен, одан әрі Қиямет күніне таман шығады деп сенеді. Шүбәсіз, надандық пен ақылсыздық — сияқты сенімдердің ешбір негізі жоқ, тіпті дәлел боларлық ишара да жоқ. Тағы да Ибн Касир Шығыстың адамдары әл-Махдиді қолдап, оған ант беріп, оны билеуші етеді, ал оған ант беру  Қағбаның қарсысында орын алатындығын көрсетеді (Ан-Нихая, 1/30).

Сондай-ақ, оның әскерінің белгісі ретінде Алла Елшісінде, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, болған қара ту сияқты тулары болады.  

 

 asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: