Шынайы махаббат

Шынайы махаббат

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сол күні үйге келгенімде жұбайым кешкі асты дайындап жатқан. Қолынан ұстап, бір маңызды нәрсе айтуым керек дедім. Қасыма отырды. Айтатындарым оның жүрегін ауыртатынын түсініп тұрдым, бірақ қанша қиын болса да айтуым керек деп: «Ажырасайық», - дедім.

Ашуланбады да, қарсы сөз де айтпады. Себебін сұрады. Ешнәрсе айта алмағаныма ашуланды. Басқа біреуді жақсы көретінімді қалай айтатынымды білмедім. Сол күні еш тіл қатыспадық. Ол болса түнімен жылап шықты. Бірге өткізген 20 жылдан кейін ажырасу қиын болатыны түсінікті. Оның алдында өзімді кінәлі сезінгенім үшін, оған көлік, үй, компаниямның 30% үлесін беретінімді рәсімдейтін келісім шарт дайындап қойдым. Бірақ ол оған бір қарады да, жыртып тастады. Бір бірімізге бейтаныс болдық. Оның маған жұмсаған уақыты мен күш жігеріне жаным ашыды. Бірақ жүрекке әмір жүрмейді, қазір басқа кісіні жақсы көремін. Келесі күні кешкісін үйге кеш келдім. Әйелім үстел басында бір нәрселер жазып отыр екен. Ешнәрсе айтпай бөлмеме барып ұйықтадым. Ертеңіне маған өз шарттарын ұсынды. Менен ешқандай материалдық зат қаламайтынын, тек ажырасатынымызды 1 айға дейін ешкімге айтпай жасырын ұстауын сұрады. Осы уақыт ішінде жақсы отбасына ұқсап өмір сүруімізді сұрады. Бұған себеп жалғыз ұлымыздың 1 айдан кейін университетке түсетіндіктен, қабылдау емтихандары кезінде отбасы ішіндегі мәселелер оған кедергі болмасын деген ниет екен.

Келістім екінші шарты да бар болатын. Үйленген күні есіктен үйге оны қолыма алып кіргенімізді есіне түсіріп, 1 ай бойы оны қолыма алып бөлмемізден есікке дейін апаруымды сұрады. Басында есінен ауысқан ба деп ойладым, бірақ өткен жылдардың құрметі үшін келістім. Сол күні сүйіктім Ребеккаға әйелімнің осы шарттары туралы айтып едім, күліп жіберді де, әйелің бір қияли жан екен деп айтты да қойды. Ақыры әйеліммен ажырасатыныма сенімді болғандықтан ол да келісті. Бірінші күні ешбір сезімім қалмаған әйелімді құшағыма алу қиын болды маған, көтергенімде артымызда тұрған ұлымыз бізге қарап қуанышын жасыра алмады "Бір-біріңізге деген сезімдеріңіз қандай күшті" деп күлімдеп тұрды, сөздері ішімді күйдірсе де, келіскеніміздей әйелімді үйдің есігіне дейін 10 метрдей құшағымда апардым. Ол болса көздерін жұмып қойып, құлағыма ‘Ұлымызға ажырасатынымызды айтушы болма’ - деді. Мен де оған қарап, жарайды дедім. Оны есікке дейін апарып, үйден бірге шықтық. Ол автобус аялдамасына барып, жұмысына баратын автобусын күтті. Мен өз жұмысыма кеттім. 2-ші күні бұл ойынымызды ойнау оңайырақ болды. Оған көптен бері назар аудармаған мен оның бетіне түскен майда әжімдерді енді байқадым. Самайына да күмістей болып ақ шаштар пайда болыпты. Өткен жылдардың іздерін көру мені біраз ойға салды. 4-ші күні оны құшағыма алғанымда бір сенімділік сезімі ұялады ішімде. Маған өмірінің 20 жылын сыйлаған әйелге деген керемет бір сезім. 5-ші күні ішімдегі сезімдер күшейе бастады. Ребеккаға бұл туралы айтпадым.

Әйелімді күннен күнге көтеріп есікке дейін апару екеумізді де бақытқа бөлей бастады. Бір күні оның не киім киетінін ойлап тұрғанын көрдім, бұрынғы киімдерінің бәрі үлкен болғанын айтты. Расында да, соңғы күндері қатты арықтап кеткенін сонда байқадым. Ажырасатынымызды ойлап, соның уайымымен арықтағанын түсіндім. Еріксіз басынан сипадым. Осы кезде келіп қалған ұлымыз "Әке, анамды құшағыңа алып, көтеруің керек" деді. Әкесінің анасын бөлмеден есікке дейін көтеріп апаруы өмірлерінің бір дәстүріне айналды. Әйелім ұлымды қасына шақырып, күлімсіреп құшақтады. Ол күні оны құшағыма алып көтергенімде тура үйленген жылдарымыздағыдай сезімдер кештім. Сезімдерім еріксіз өзгере бастады. Соңғы, яғни отызыншы күні оны есікке дейін апарғанымда, одан барлық көрсеткен қиыншылықтарым үшін кешірім сұрадым және сол күні Ребеккаға барып, ажыраспайтынымды айттым. Отбасымыздың әлсірегені, сезімдердің жоқтығынан емес, бір-біріміздің қадірімізді ұмыта бастағандығымыздан екенін түсіндім. Үйге қайта жетуге асықтым. Жолдан гүл шоғын сатып алып, арасына ”Сені өмірімнің соныңа дейін құшағыма қысып, көтеретін боламын” - деп жаздым. Үйге бара салып, бөлмемізге қарай жүгірдім. Әйелім төсекте жатыр екен. Қасына бардым, әйелім дем алмай жатыр. Дәрігерлерді шақырдым. Дәрігерден әйелімнің біраздан обыр ауруымен ауырғанын және содан қайтыс болғанын естідім. Қатты өкіндім. Басқа әйелмен жүріп, жұбайымның соңғы айлар бойы обыр ауруымен арпаласқаның білмей де қалыппын. Ал ол менің қамымды ойлап өміріне санаулы күндер қалғанын білгені үшін, ұлымыздың алдында мені анасын тастап кеткен жаман әке ретінде көрсетпеуге тырысыпты. Ең болмағанда ұлымыздың есінде мені жақсы әке, жақсы жұбай болып қалуымды қалапты. Ішімді өкініш өзегі өртеп бара жатты. Әттең, алайда бәрі кеш еді...   

Қасымызда біздің ыстық-суығымызды бөлісіп, жанын шүберекке түйіп жүретін жан-жарымыз жұбайларымызды ұмытып, көлденең кездескен көк көйлектінің соңынан кете беретін аға-бауырларымызға өнеге болар ғибраты мол насихат екен.

asyldin.kz

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз:

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active