«Иә, үміттімін»

«Иә, үміттімін»

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алқама – жүздеген сахабалардан хадис риуаят еткен табиғин имамы. Ол өз замандастарынан озық болумен қатар өте кішіпейіл де еді.

Бір күні біреу Алқамаға қарадай тиісіп айтпаған сөзі қалмайды. Ол кезең ел ішінде әртүрлі бүлік белең алып, адамдар жазықсыз күйе жағуға, жала жабуға арланбайтын кез еді. Ірі имам өзін сөккен адам сөзін аяқтағанша, үндемей тыңдайды да соңында мына бір аятты оқиды:

 «Мүмін ерлер мен әйелдерге жасамаған нәрсені таңып қинағандар, істемеген күнәні айтып оларды қаралағандар, өте ауыр бір қателік жасап, ап-ашық күнәға кірген болып табылады».

Әлгі кісі мұны естігенде: «Сонда өзіңді мүмінмін деп тұрсың ба?» – деп ежірейеді. Сонда үлкен имам өзіне жарасатын байсалды мінезін бұзбай: «Иә, үміттімін», – деп қана жауап берген екен.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: