Анаға қызмет – қажылықтың сауабындай

Анаға қызмет – қажылықтың сауабындай

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бірде сахабалардың бірі дін жолында жиһадқа шыққысы келетінін, бірақ қолының қысқа екенін айтып өкініш білдіреді. Сонда Алла Елшісі (ﷺ): «Үйдегі әке-шешең тірі ме еді?» – деп сұрайды. Ол: «Иә, шешем тірі», – дейді. Сонда Пайғамбарымыз (ﷺ): «Ендеше, үйдегі шешеңді жақсылап күт. Анаңның көңілін тауып, ризашылығын алсаң, қажылық пен умра жасағандай сауапқа кенелесің. Дін жолында күрескен мүжаһидтің сауабынан да құр қалмайсың», – деп оны үйіне қайтарған екен. Шал ақынның:                                                                                                                               

"Мекке менен Мәдина жолдың ұшы,
Алыс сапар дейді ғой барған кісі.
Атаң менен анаңды құрметтесең,
Мекке болып табылар үйдің іші", – деуі осыдан шықса керек... 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: