Сары май, пісте мен бадам

Сары май, пісте мен бадам

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әбу Юсуф (р.а.) әңгімелеуде:

Әкем дүние салғанда мен әлі бала едім. Өнер үйренсін деп шешем мені әуелі тігіншіге ертіп барды. Мен ол жерді ұнатпай, Имам Ағзамға (р.а.) келдім. Шешем бұған қарсы болып, ұстазыма жолықты. Имам (р.а.) оған:

–  Балаңды басқа жаққа әурелеме. Бұл жерде ол сары май, пісте мен бадам жеуді үйренеді, – деді. Сол жолы шешем мені имамға біржолата тапсырды. Бірақ дәрістерге қатысып жүріп, сары май, пісте мен бадамды түсінбедім. Арада көп жылдар өтті. Күндердің күнінде маған төрелік ету міндеті берілді. Аббаситтер халифасы Харун Рашидтың дастарханында отыр едім, табаққа май, пісте мен бадам алып келді. Халифа маған қарап: «Мыналарды жеп ал, саған күнде бұйыра бермес», – деді. Мен еріксіз күліп жібердім. Халифа неге күлгенімді сұрады. Мен оған осыдан көп жыл бұрын өткен оқиғаны айтып бердім. Халифа таңданысын жасыра алмай:

–  Иә, Имам Ағзам (р.а.) өте білімді кісі. Шәкіртінің болашағын көре білген ғой, – деді.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз:

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active