Қайырымдылық асыл қазына

Қайырымдылық асыл қазына

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қар жауып күн суытқалы бірнеше күндер болды, жағдайларының төмендігіне байланысты қыстық отын су түсіре алмай қалған жандар жетерлік.

Шу аудандық Төле би мешіті және осы мешіт жанындағы қайырымдылық қоры, тұрмысы төмен, аз қамтылған 30 отбасыға 10 тонна көмір және 1 камаз тамыздық болар отын үлестірді. Жалпы соммасы 150.000 тенгені құрайтын қайырымдылық шарасында әр отбасыға 7 қаптан көмір мен қажетті отын табысталды. Қайырымдылыққа ие болған жандар рахметін айтып шуласты.

Шу аудандық Төле би мешітінің бас имамы Аят қажы Дыбысұлы аталмыш шаралар алдағы уақытта жалғасын табатынын жеткізді.

Талғат Кәрібайұлы

Шу аудандық Төле би мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: