Жамбылдықтар ақида ілімінен сайысқа түсті (ФОТО-ВИДЕО)

Жамбылдықтар ақида ілімінен сайысқа түсті (ФОТО-ВИДЕО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мешіт жамағаттары үшін жылдың соңғы тоқсанының  желтоқсан айы бабаларымыздың сенімін қуаттаған білім сайысымен басталды. Орталық «Һибатулла Тарази» мешітінде облыс мешіттері жамағаттарының арасында «Нұр Мүбарак» университетінің аға  оқытушысы Серік Тәжібаевтың  «Пайғамбар ақидасы» атты кітабынан білім сайысы өтті. Осындай білім сайысына Тараз қаласы мен аудандардан келген мектеп оқушалырынан бастап мешіт жамағатының ақсақалдарына дейін қатысты. Атап айтқанда; Тараз қаласынан 42, Мойынқұм 3, Жамбыл 3, Меркі 5, Шу ауданы 3, Талас 4, Қордай 3, Сарысу 4, Байзақ 3, Жуалы 3, Т.Рысқұловтан 5 үміткер келді. Сайысқа қатысушы 78 үміткер өздерімен бірге келген жанкүйерлері тарапынан қызу қолдау тауып отырды.

Жоспарлы түрде ұйымдастырылған сайыс алдын-ала дайындалған тақырыптарымен қазақ және орыс тілдерінде 2 турмен өтті. Бірінші тур 20 сұрақтан құралған тест болса, екіншісіне сұрақ-жауап түрінде билеттер дайындалды. Білім сайысының жүргізушісі Медресе директорының орынбасары Нұралы Бақытұлы қатысушылар мен жанкүйерлеріне сәттілік тілеп, сайыстың шарттарымен және әділ қазылар алқасы мүшелерімен таныстырып өтті. Әділ қазылар алқасының төрағасы орталық мешіттің бас имам Қанат Жұмағұл, мүшелері; Медресе директорының орынбасары Нұралы Бақытұлы.  «Әзрет Әлі» мешітінің бас имамы Ембергенов Амангелді, медресе ұстазы Наркес Боханов.

Сайыс соңында әділ қазылар алқасы тарапынан тест нәтижесі бойынша 100 % жауаппен 7 жеңімпаз іріктеліп алынды. 2-ші турға шыққан осы 7 үміткер арнайы  дайындалған сұрақ-жауаппен сайысқа түсіп, жүлделі жеңімпаздары анықталды. Білім сайысының сыйлығына ие болып, жеңісінің жемісін көрген 7 азамат әділ қазылардың әділ шешімімен төменгі орындарды місе тұтты.

1-ші орынға «Әл Фирдаус» мешітінің жамағаты Тұрғанбеков Бақдаулетке 70 000 тг берілді.

2-ші орынға Тараз қаласы «Әзрет Әлі» мешітінің жамағаты Махамбет Әділетке 50 000 тг берілді.

3-ші орынға ие болған Сарысу аудандық мешітінің жамағаты Назаров Забибулла мен Жамбыл аудандық «Бәйдібек» мешітінің жамағаты Тлеуқұл Тұрсынхан 30 000 теңгені қанжығасына байлады.

3 жеңімпазға 10 000 теңгеден ынталадыру сыйлықтары берілді.

Жиын соңында  орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл қатысушылар мен жанкүерлерге алғысын айтып, әрбіріне Құран Кәрім кітабын сыйға тартты. Аудандардан арнайы келген қатысушыларға медресе асханасында дастархан жайылды.

«Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Жапек Ғалымбек

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: