Жамандық атаулыдан сақтанатын тақуа жандар

Жамандық атаулыдан сақтанатын тақуа жандар

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Форумға арнайы келген ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуә бөлімі меңгерушісінің орынбасары Аманқұлов Хасан Ташайұлы кешкі ақшам мен құптан намаздарының арасында орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің жамағаты мен медресе шәкірттерінің сұрақтарына жауап бере отырып, арнайы уағыз айтты. ҚМДБ-ның бастамасымен қолға алынған әр күнгі ақшам мен құптан намаздарының арасындағы имамдардың уағыздарына үнемі қатысып жамағаттың діни сауаттары ашылған. Хасан Ташайұлы уағыз барысында елдің арасында біліп те, білмейде айтылып жүрген әр түрлі тақырыптағы пәтуә  мәселесіне арнайы тоқталды. Құран Кәрімдегі «Алла тағала олардың бір кездері (біліп, білмей) істеген ең жаман істерін де (амал дәптерлерінен) біржолата өшіріп тастайды және  сый-сыяпатарын (дүниеде) істеген ең жақсы істеріне қарай береді» (Зүмәр сүресі-35) деген аятын келтіре отырып, Алла тарапынан келген шындықты растаған, әрі шын жүректен ұлықтаған және жамандық атаулыдан сақтанатын тақуа жандар орынсыз пәтуә беруден сақтанады, деді. 

Бүгінгі таңда қоғамның дертіне айналған, қаншама жанұяның себепсіз шаңырағын шайқап жатқан жатқан талақ, ипотека және көкейлерінде қордаланып қалған сұрақтарына  жауап берді. Сөз соңында Құран Кәрімнің (Әли-Имран сүресі-120) «Егер сабырлылық танытсаңдар және (хақ жолдан ауытқымай) тақуалық шеңберінен шықпай әрекет ететін болсаңдар, олардың қулық-сұмдығы мен құрған тұзақтарының сендерге ешқандайда зияны тимейді. Шүбәсіз, Алла олардың істеп жүрген істеріне (шексіз ілімі һәм құдіретімен) құрсау салушы» аятын келтірді. Яғни, өзі тура жолда жүрген адамды қайдағы адасқан біреу еш адастыра алмайтынын айтты.

Уағызға қатысқан жамағат Хасан ұстазға батасын беріп, өмірде және дін жолындағы қызметте табысқа жете беруін тіледі.   

«Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Жапек Ғалымбек

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: