Қиямет күні үмбеттің 12 топ болып тірілуі (жалғасы)

Қиямет күні үмбеттің 12 топ болып тірілуі (жалғасы)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

7-топ: Бұл топқа кіргендер қабірден түрегелгенде тілсіз болып түрегеледі. Аузынан қанды құсық шығады. Рахман тарапынан бір дауыс бұларды былай танытады: «Бұлар көргендері жайлы куәлік етпегендер. Міне, жазалары. Баратын жерлері де Тозақтың оты». Алла Тағала «Бақара» сүресінің 283-ші аятында ескерткен: «Куә болуды құпия ұстамаңдар. Әркім куә болуды құпия ұстаса күнәһар жүректі».

8-топ: Бұл топқа кіргендер қабірлерінен түрегеліп бастары жерге түсіп, аяқтары бастарының үстіне шыққан жағдайда Машһар майданына барады. Рахман тарапынан бір дауыс бұларды былай танытады: «Бұлар зина еткендер. Зина етіп, тәубе етпестен өліп кеткендер. Жазасы Тозақтың оты».
Алла Тағала « Исра» сүресінің 32-ші аятында былай ескетрткен: «Зинаға жоламаңдар. Өйткені ол анық арсыздық және жаман жол».
9-топ:Бұл топқа кіргендер қабірлерінен тұрып, Машһар майданына бара жатқанда жүздері қара, көздері көк, қарындары шоққа толы болады. Рахман тарапынан бір дауыс оларды былай танытады: «Бұлар хақсыз жерде жетім малын жегендер».
Ұлы Алла Тағала бұлардың жағдайын «Ниса»сүресінің 10-шы аятында былай айтқан: «Негізінен сондай жетімдердің малдарын зұлымдықпен жегендер,олар қарындарын отпен толтырған болады. Жақында жалындап тұрған отпен қауышатындар».
10-топ: Бұл топқа кіргендер қабірлерінен тұрып Машһар майданына бара жатқанда алапес күйде безгек ұстап барады. Рахман тарапынан бір дауыс оларды бұлай танытады: «Бұлар әке-шешесіне қарсы келгендер». Ұлы Алла Тағала «Ниса» сүресінің 23-ші аятында былай деді: «Әке шешеге жақсылық етіңіз».
11-топ: Бұл топқа кіргендер қабірлерінен тұрып Машһар майданына бара жатқанда жүрек көздері мен бас көздері соқыр,тістері сиырдың мүйізіндей,еріндері төсіне түсіп салпылдап, тілдері салақтап, қарны мен аяқтарына дейін жетіп тұрады.Сондай–ақ, бұлардың үстінен жаман бір иіс шығады. Рахман тарапынан бір дауыс оларды былай танытады: «Бұлар арақ-шарап ішімдік ішкендер». Алла Тағала «Мәида» сүресінің 90-шы аятында былай бұйырған:
«Әй, мүминдер! Арақ-шарап, құмар тігілген тастар, пұттар және бал ашатын оқтарлас шайтанның істерінен,сақтаныңдар! Құтыларсыңдар!».                                 

12 – топ: Бұл топтағылар қабірден түрегелгенде жүздері айдай жарқырап, Сират көпірінен найзағайдай жарқ етіп кетеді. Рахман тарапынан бір дауыс оларды былай танытады: «Бұлар жақсы амалдар істеп, жамандықтан сақтанғандар. Бес уақыт намаздарын үзбей мезгілінде оқығандар. Істеген кунәларына кешірім тілеп, тәубаға келіп өлгендер. Бұлардың сыйлықтары Жәннат,мағфират,рахет,және ридуаннан құрмет(яғни Жәннаттағы періштелерден құрмет).
Ұлы Алла Тағала бұлар туралы «Фұсситал» сүресінің30-шы аятында былай бұйырды: «Расында Раббымыз Алла» деп сертіне мықты тұрғандар, оларға періштелер түседі де «Қорықпаңдар, ренжімеңдер! Сіздерге уәде етілген Жәннат арқылы қуанышқа бөленіңдер», - дейді.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: