Аудандық форумда түйіткілдің түйіні тарқатылды

Аудандық форумда түйіткілдің түйіні тарқатылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Ұлт бойындағы рухани құн­­ды­лықтарды жаңғыр­ту мақ­­са­­тын­да Кеше Т.Рысқұлов ауданыңдағы Мәдениет үйінде өңір тари­хы­ның аса маңызды кезеңі қар­са­ңында «Рухани жаңғыру» бағ­­дар­­ламасы аясында «Ел­дік елдін қолында» атты қоғам­дық фо­рум өтті. Атал­ған форум өңір­­дегі қоғам бел­сен­ділері­нің бастамасымен ұйым­дас­­тырылды. Форум жұмы­сы­на аудан  әкімі, аудан имамы, өңірге бедел­­ді ақ­са­қалдар, қоғам бел­сен­ді­лері, де­пу­­таттар және жас­тар қатыс­ты.

Форум барысында ұлттық дәс­түр мен әдет-ғұрыптың уа­қыт ағымымен өзгеруі ту­ра­­сын­да түйткілді мәселелер қоз­­ғалса, ысырапшылдық пен даң­ғазалыққа жол бермеу, жастар тәрбиесінің өзек­ті­­лі­гі төңі­регінде әңгіме өр­біді. Сон­дай-ақ, жиында сөз сөйлеген аудан имамы  Сұлтаншәріп қажы Джадраев тұр­ғын­­да­рды бірлік пен ынты­мақ­қа, са­быр­лылық пен қанағат­шы­лық­қа, берекелі өмір сүруге ша­қы­рды.

 Әбілда Мейірханов

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: