Облыс наиб имамы Бас мүфтидің алғыс хатымен марапатталды

Облыс наиб имамы Бас мүфтидің алғыс хатымен марапатталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының акт залында Жергілікті ақпараттық-насихат тобына арналған семинар-тренинг өткізілген болатын. Жиынды ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ашып, уағыз-насихат жұмысын жандандыруға қатысты бірқатар ойларымен бөлісті. 

Аталған жиынға Жамбыл облысынан АТТ мүшесі, "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Бахтияр Амиреев қатысып қайтты.

Айта кету керек насихат тобына еліміздің түкпір-түкпірінен сараптамадан өткен 420 діни қызметкер енген. Аталған насихат тобы жыл басынан бері деструктивтік жат ағымның алдын алу бойынша мемлекеттік мекемелерде 379 кездесу өткізіп, оған 20 мыңнан аса адам қатысқан. Отырыс барысында жергілікті ақпараттық-насихат тобының жарты жылдық есебі тыңдалды.

Осы жиында жыл басынан бері белсенділік танытқан имамдарға Бас мүфтидің алғыс хаты табысталды. Өңірімізден барған білікті әрі жас теріс ағыммен жұмыс саласында белсенді еңбек етіп жүрген Бахтияр Амиреев марапатталды.

Нұр-Сұлтан қаласында өткен бас қосудан соң Таразда облыс имамы көпшілік алдында осынау айтулы жағдайды тілге тиек етіп, дін маманын құттықтап, жұмысына жеміс тіледі. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: