ӨКІЛ ИМАМ БАЙЗАҚ АУДАНЫНДА

ӨКІЛ ИМАМ БАЙЗАҚ АУДАНЫНДА

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ–ның Жамбыл облысындағы өкілі «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Жұмағұл Қанат Әділханұлы Байзақ ауданына арнайы іс–сапарымен келді.

 Байзақ ауданының бас имамы Рамиз қажы Азизов сапарлата келген қонақты күтіп алып, аудан бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Іс–сапар барысында өкіл имам Байзақ ауданына қарасты Базарбай, Көкөзек, Қарасу ауылдарындағы құрылыс жүріп жатқан мешіттердің жұмысымен танысты. Сапар Байзақ аудандық әкімшілікте жалғасын тапты.

Өкіл имамды арнайы Байзақ ауданының әкімі Нұржан Нұржігітов күтіп алып, өңірдің діни ахуалын баяндады. Өкіл имам  Қанат Әділханұлы аудан әкіміне ризашылығын білдіріп, Құранды сыйға тарту етті. Аудан әкімі Жамбыл облысының өкіл имамын алғыс хатпен және Байзақ ауданының 80 жылдығы медалімен марапаттады.

Сонымен қатар өкіл имам мешітте жұма намазын өткізді. Жұма намазда «Байзақ баба» мешітінің жұмыстарымен танысып, жұмаға жиналған жамағатқа «Денсаулық – зор байлық» тақырыбында уағыз–насихат айтты. Қанат Жұмағұл жұма намазынан соң ақсақалдарымызға шапан жауып, ақшалай сыйлықтар үйлестірді.

"Байзақ баба" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: