Ұлағатты ұстаздарға құрмет көрсетілді

Ұлағатты ұстаздарға құрмет көрсетілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ұстаз… Қандай  қасиетті  сөз!  Әр адамның  жүрегіне  ерекше жылулық нұрын  себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегінде  қадір  тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі- Ұстаз. «Ұстаз»  деген  қазақ  баласы  үшін  қашанда  қасиетті,  қадірлі  болған. «Ұстаздан  тәрбие  алған» немесе «ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады. 

Осы бір ардақты жандардың құрметіне "Һибатулла Тарази" мешітінде ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Әйел-қыздар секторы, мешіт шәкірттерінің ұйымдастыруымен "Ұстаздар күні" аталып өтті. 

Ұлағатты ұлы тұлға ұстаз есімін арқалап жүрген нәзік жандыларға арнайы дастархан жайылып, шәкірттер мерекелік қойылымдар қойып, діни әндерді орындады және поэзиялық өлеңдер оқып, өз ұстаздарына алғыстарын жеткізді. 

Сектор жетекшісі Гүлжан Алдасаева жиынның мақсатын тілге тиек ете келе көпшілікті төл мерекелерімен құттықтады. "Қияметте ешбір көлеңке болмағанда Алланың көлеңкесінде Алла разылығы үшін бір-бірін жақсы көріп, Алла разылығы үшін ғана айырылатын адамдар болады. Біз осы адамдардың қатарынан болайық. Іс-шараны өткізудегі бірден-бір масатымыз да осы бірлігімізді арттыру, жұмылып нәтиже көрсету. Ұстаздардың еңбегін елеп, алғыс айту болатын," - дейді шәкірт тәрбиелеп жүрген тәжірибелі ұстаз өз сөзінде.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: