«Бәріне өзім кінәлімін…». Сириядан оралған әйелдің жан сыры (Видео)

«Бәріне өзім кінәлімін…». Сириядан оралған әйелдің жан сыры (Видео)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Маңғыстаулық Әсем Тәжекеева Сирияға қалай кеткенін және онда қандай қиындықтарға тап болғанын, Шам еліне жасаған қадамын қателік деп біліп, өкінетінін айтты. Өмірінің 2 жарым жылын Сирияда сергелдеңмен өткізген келіншектің өзгелерден айырмашылығы – содырлардың ойыншығына айналмағаны.

Құдай айдап, жолдасы мен балалары жанында болған. Алайда, соғыс олардың жанын алмаса да, көңілдеріне өшпес із қалдырды. Айдың, күннің аманында шытырман оқиға арасына тап болған кейіпкеріміз басынан өткенін бүкпесіз айтып берді. «Ол жерде тамақ болмады. Жейтініміз шөп… Кебек жейміз, табылса. Ол да табылмайды. Ақша бар, бірақ тамақ жоқ», — дейді маңғыстаулық Әсем. Жолдасымен бірге  «Алматы қаласына көшіп барамыз» деп жақындарын алдап, Қазақстаннан із суытқан келіншек ең алдымен өзін кінәлайды.

Маңғыстаудан шыққанда Әсем бұндай қиындықтарға тап боламын деп ойламаса керек. Шекара асып, ғажап өмір іздеп барған келіншек Сирияның оларды «оқпен қарсы алғанын» әлі ұмыта алмайды. Сұм соғыстың зардабын көрген Әсем ол жақтағы өткен күндерін есіне де алғысы жоқ.

Жылы баспанасын, бауырмал туыстары мен ыстық мекенін «қызыл майданға» айырбастап кеткеніне сенгісі келмейді. Дегенмен, шындық сол. Өзі қолына қару ұстап ұстап соғыспаса да, оның сол майданда болғанына жолдасы себепші. Жанары жасқа толып:  «Егер ол жаққа бармағанда қазір бұндай болмас еді. Бүйтіп отырмас едік. Қатты өкінемін, үлкен қателік жасадым», — деді Әсем.  

 kazislam.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: