Хикметі құпия болып қалған... (фото)

Хикметі құпия болып қалған... (фото)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шалғайға қатынайтын көлік жүргізушінің басындағы жағдай біреулерге елеусіз көрінер... Түрік азаматы бірде өзінің жүк көлігінің моторынан құстың ұясын байқап қалады. Көлігіне құс ұя салып, жұмыртқа басып, балапан шығарған түрік азаматының осынша уақыт, дәлірегі, бір жарым ай бойы  сабыр етуі - балапандар жұмыртқа жарып, қанаты қатайып, ұшып кеткенше күтуі көпке ой салары анық.

Бұл жайында түріктердің Yeni Şafak ақпарат көзі хабар таратты. Бұл арада Бақаттин Гүрес есімді 42 жастағы Анкара қаласының тұрғыны турасында сөз болып отыр. Өмірінде мұндай жағдайға бірінші рет тап болған ол қасиетті Рамазан айында демалыс алады. Құстар үшін. Қасиетті ай аяқталған соң ол жолға жиналғанымен құс балапынан басып жатқан еді. Бақаттин Гүрес жұмыстан уақытша бас тартып, балапындар ұяны тастап кеткенше күтуге бел буады. Бұл жағдай оның басына түскен бір сынақ еді ғой...

Түсіне білгенге. Таныстарына: "Мұны да күтеміз. Бәрінің бір қайыры бар, бәлкім, Алла мені қандай да бір бәледен осылай сақтағысы келген шығар",- деп жауап қайтарған еді. Құстар оның көлігін бір жарым айдан соң босатты, дәлірегі, 45 күннен соң ұшып кетті. Бұл мерзімде шалғайға қатынаушы азамат туған-туыстарымен бірге өткізді.

Бұдан бөлек, бау-бақшасындағы жұмыстармен шұғылданып, балаларына жеткілікті көңіл бөліп, уақытын босқа өткізбеуге тырысты. Ойламаған жерден келген бұл демалыстан ешқандай қаржылық қиындық көрмегенін жеткізді. Жұмыс беруші де оның бұл әрекетіне түсіністікпен қарағанын тілге тиек етті. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: