Тараз: Медресе түлектері дипломмен марапатталды

Тараз: Медресе түлектері дипломмен марапатталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Тараз қаласында орналасқан "Һибатулла Тарази" медресесінің түлектеріне диплом табыстау рәсімі өтті. 

Діни білім алып, ел мүддесі үшін Алла жолында қызмет бастағалы жатқан биылғы оқу бітіруші 15 түліктің 6-ы қызыл, 9-ы көк диплом алды.

Марапаттау кешінде медресе директоры, ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкіл имамы Қанат Жұмағұл мен ұстаздар тобы түлектерге салтанатты түрде аталған құжатты табыстады. 

Бар білгенін шәкірттерінен аямаған оқытушылар жас мамандарға үлкен үміт артатынын жеткізіп, өмір белесінде сүрінбей әрқашан жетістікке жетуге тілек білдірсе, студенттер жүрек жарды алғыстарын айтты.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: