Сауат ашу курсы ұлдар бөлімі аяқталды

Сауат ашу курсы ұлдар бөлімі аяқталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

25 мамыр күні өз жұмысын бастаған  аудандық «Қордай» мешіті жанындағы жазғы діни сауат ашу курсы өз жұмысын аяқтады. Курстың жабылу рәсіміне Қордай ауданының  бас имамы Д.Жандосұлы, наиб имам Н.Солтанқұл, мешіт ұстазы З.Жұмабайұлы шәкірттер, ата-аналар және өзге де қонақтар қатысты.

 Алдыңғы хабарлағанымыздай курсқа қатысушылардан емтихан алынып,  өзінің жақсы тәртібімен, үздік оқуымен көзге түскен шәкірттер анықталды. Емтихан қорытынды бойынша 12 бала жақсы көрсеткіш көрсетсе, 9 балаға өз топ ішінен 1,2, және 3 орындар берілсе, үш шәкіртке ынталандыру сыйлықтары, қалған шәкірттерге де естелік сыйлықтары таратылды.

Өз топтарында үздік болған үш шәкіртке велосипедтер сыйға тартылса, қалғандарына ақшалай сыйлықтар үлестірілді, ең үздік көрсеткішке қол жеткізген Базарбай Рашидке гироскутер сыйға тартылды.

Шәкірттерге сабақ берген, мешітімізде тәжірибеден өтіп жүрген ұстаздарға да алғыс айтылды. Діни ғылымның маңызын түсіндірген Д.Жандосұлы, қатысушыларға алғыс хаттар мен сыйлықтарын үйлестірді.

 Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: