Наиб мүфти жаңа мешітті аралады

Наиб мүфти жаңа мешітті аралады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жасыл Жамбыл өңірінде Алланың жердегі үйі мешітер саны жылдан жылға көбейіп келеді. Халыққа тағы бір қуаныш сыйлағалы жатқан Барысхан алқабында бой көтеріп, әлі де құрылыс жұмыстары жасалып жатқан жаңа мешітті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти Бауыржан  Әбдірашұлы аралады.

Ол құрылыс жұмысының жоспарымен танысып, ғимараттың іші-сыртын, ауласында соғылып жатқан қосымша ғимараттарды барып көрді. Наиб мүфтиге Жамбыл облыстық мешіт істері мен құжаттарды заңдастыру бөлімінің маманы Халид Хожахметов пен мешіт салуға демеушілік еткен кәсіпкер азамат жаңа мешіт жайлы мағұлмат беріп, іс-қағаздар жайлы бірер сұрақтар қойды.

Бауыржан  Әбдірашұлы: «Әрбір мешіттің құжаты болуы тиіс. Мешіттің ресми құжаттарын тіркеу – іс жүргізу процесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Басқару қызметін құжаттау, құжаттарды ұйымдастыру дегенді білдіреді. Басқару құралы ретінде құжаттар жоспарлауда, қаржыландыруда, бухгалтерлік есептеу мен есеп беруде, мешіт қызметіне кадрлар жағынан қамтамасыз ету т.б. қолданылады. Құжаттардың негізінде басқару шешімі қабылданады, даулы мәселелері шешіледі. Қандай ұйымда болмасын, сауатты жасалып, заңды күшке ие болған құжат қана табысты жұмыстың кепілі болып табылады, - деп, Халид Хожахметовтен облыстағы құжаттандыру мәселелері жайын сұрады. Қызметкерлердің сұрауы бойынша кеңес беріп, өңірдің жұмысы алға баса берсін деп игі тілегін жеткізді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: